1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 98-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторына қойылатын талаптар мен оны айқындау тәртібін және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ АШМ Қаржымині ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Қ.А. Өскенбаев |
2. | Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Ж.Х. Мәдиев |
3. | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Ж.Х. Мәдиев |
4. | Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Ж.Х. Мәдиев |
5. | Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Ж.Х. Мәдиев |
6. | Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2019 жылғы қыркүйек | Қ.А. Өскенбаев |
7. | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2019 жылғы маусым | Э.Ә. Әзімова |
8. | "Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2019 жылғы маусым | Қ.А. Өскенбаев |
9. | "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Е.К. Жамаубаев |
10. | "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Б.Ш. Шолпанқұлов |
11. | "Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2019 жылғы маусым | Р.Ж. Құрманов |
12. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Ж.Х. Мәдиев |
13. | "Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | А.Д. Жұмабеков |
14. | "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2019 жылғы маусым | Қ.А. Өскенбаев |
15. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2019 жылғы маусым | Р.Ж. Құрманов |
16. | Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | Әділетмині, ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Э.Ә. Әзімова, А.Д. Жұмабеков |
17. | Фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискальдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | Қаржымині ЦДҚАӨМ | 2019 жылғы маусым | Р.С. Еңсебаев, А.Е. Оспанов |
18. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2019 жылғы маусым | Р.Ж. Құрманов |
19. | Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2019 жылғы маусым | Э.Ә. Әзімова |
20. | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2019 жылғы маусым | Қ.А. Өскенбаев |
21. | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2019 жылғы маусым | Қ.А. Өскенбаев |
22. | Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
23. | Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға ұсынылған көрсетілетін қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
24. | Тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
25. | Құжаттарды және (немесе) мәліметті ұсыну жөнінде талап ету нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
26. | Нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
27. | Мемлекеттік кіріс органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
28. | Іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған пошта жөнелтілімдерін "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
29. | Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині ҰЭМ ЦДҚАӨМ ҰБ | 2019 жылғы шілде | Қ.Е. Баеділов |
30. | Салық төлеушілердің санаттары мен тізімін, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині ҰБ | 2019 жылғы желтоқсан | Қ.Е. Баеділов |
31. | Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Р.С. Еңсебаев |
32. | Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | Ж.Х. Мәдиев |
33. | Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ЖАО | 2019 жылғы маусым | Р.Ж. Құрманов |
34. | Жер учаскесін сатып алудың-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ЖАО | 2019 жылғы маусым | Р.Ж. Құрманов |
35. | Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қосылған құн салығын есепке алу үшін ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині ҰБ | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
36. | Мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін мүлік тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Б.Ш. Шолпанқұлов |
37. | Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері активтерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Б.Ш. Шолпанқұлов |
38. | Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiн, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2019 жылғы маусым | С.Н. Нұрлыбай |
39. | "Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы | СІМ | 2019 жылғы маусым | Н.М. Сейтімов |
40. | "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Б.Ш. Шолпанқұлов |
41. | "Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | А.Д. Жұмабеков |
42. | "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | М.С. Жүнісбекова |
43. | "Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | А.Д. Жұмабеков |
44. | "Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 251 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | А.Д. Жұмабеков |
45. | "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | А.Д. Жұмабеков |
46. | "Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | А.Д. Жұмабеков |
47. | "Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2019 жылғы маусым | Э.Ә. Әзімова |
48. | "Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | А.Д. Жұмабеков |
49. | "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың және еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 360 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
50. | "Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2019 жылғы маусым | М.Д. Досмұхамбетов |
51. | "Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1082 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2019 жылғы маусым | Қ.Е. Баеділов |
52. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 және "Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 3 тамыздағы № 7 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы маусым | А.Д. Жұмабеков |
53. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы | облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдіктерінің қаулысы | облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері | 2019 жылғы маусым | облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі