1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.
4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 14-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімдері | Болжанатын шығыстар* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде, оның ішінде теміржол, автомобиль, әуе, теңіз көлігі объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | апта сайын | талап етілмейді | |
2 | ҚХР-дан келген барлық адамдарға тұратын жері бойынша медициналық бақылау белгілеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | апта сайын | талап етілмейді |
3 | Медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | апта сайын | талап етілмейді |
4 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің қызметкерлерін, медицина қызметкерлерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар) қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | апта сайын | талап етілмейді |
5 | Медициналық ұйымдарды коронавирустық инфекция ошақтарын жою үшін дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | 2020 жылғы қаңтар-ақпан | талап етілмейді |
6 | Коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда халық үшін жеке қорғаныш құралдарының (медициналық маска) қажетті қорын жасау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | 2020 жылғы қаңтар-ақпан | талап етілмейді |
7 | Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, ІІМ, ИИДМ, Қаржымині, СІМ, МСМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша) | ай сайын | талап етілмейді |
8 |
Мыналарды: | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | 2020 жылғы қаңтар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві |
9 | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режимнің қолданылуын тоқтата түру жөнінде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ, Әділетмині, ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша) | 2020 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
10 | ҚХР-дағы Қазақстан Республикасының азаматтарын вирустың таралуы бойынша жағдайдың дамуы туралы профилактика шаралары бойынша ұсынымдарды жеткізе отырып, тұрақты (аптасына кемінде 1 рет) хабардар етуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | СІМ, АҚДМ, ДСМ | ай сайын | талап етілмейді |
11 | Қажет болған жағдайда ҚХР- да коронавирустық инфекцияның таралу ошақтарынан қазақстандық студенттерді шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | СІМ, ИИДМ, ДСМ, ІІМ, БҒМ | 2020 жылғы ақпан | талап етілмейді |
12 | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің ҚХР-ға қызметтік іссапарларын шектеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | СІМ, ОМО, ЖАО | ай сайын | талап етілмейді |
13 | Халық арасында ҚХР-ға (туристік, қызметтік, жеке сапарлар) шығуды шектеу жөніндегі ұсынымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АҚДМ, СІМ, ДСМ, МСМ | ай сайын | талап етілмейді |
14 | Одан әрі ұзарту мүмкіндігімен "Қорғас" ШЫХО қызметін 2 апта мерзімге уақытша тоқтата тұру бойынша шектеу шараларын енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Алматы облысының әкімдігі, ИИДМ | 2020 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
15 | Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде қазіргі уақытта ҚХР аумағындағы студенттер мен оқушылардың тізімдерін өзектілендіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | СІМ, ҰҚК (келісу бойынша) | апта сайын | талап етілмейді |
16 | Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақсатында ҚХР-дың және басқа да мүдделі елдердің мемлекеттік органдарымен жедел ақпарат алмасуды ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, СІМ | апта сайын | талап етілмейді |
17 | Туристік фирмаларға коронавирус ауруы тіркелген елдерге туристердің сапарларын шектеудің орындылығы туралы ұсынымдар жіберу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МСМ, ДСМ | 2020 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
18 | ҚХР аумағындағы қазақстандық азаматтарға консультациялық және өзге де көмек көрсету мақсатында олармен жұмысты жандандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | СІМ | 2020 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
19 | Қазақстан Республикасына еңбек көші-қоны арнасы бойынша келетін ҚХР азаматтарының тізімін өзектілендіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині, СІМ | апта сайын | талап етілмейді |
20 |
ҚХР-мен: | ақпарат | СІМ, ҰҚК (келісу бойынша), ДСМ | 2020 жылғы ақпан | талап етілмейді |
21 | ҚХР азаматтары үшін электрондық визаларды (Е-виза) ресімдеуді тоқтата тұру жөнінде шараларды қолдану | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, МСМ, | 2020 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
Ескертпе:
1) * қаржыландыру адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен жүзеге асырылатын болады;
2) аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖАО - жергілікті атқарушы органдар
ИИДМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
"Қорғас" ШЫХО - "Қорғас" шекарамаңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ОМО - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары
СІМ — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҮҚК ШҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі