"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 122-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
23. | Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2020 жылғы желтоқсан | А.А. Шайымова |
".
Премьер-Министр | А. Мамин |