"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 122-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 31 тамыздағы
№ 122-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 12.01.2018 № 2-ө; 21.05.2020 № 72-ө өкімдерімен.

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ИДМ

2017 жылғы тамыз

Е.Қ. Хаиров

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және "Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және "Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2014 жылғы 25 шілдедегі № 866 жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

АШМ

2017 жылғы қыркүйек

Қ.К. Айтуғанов

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

А.А. Шайымова

4.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

Р.Е. Дәленов

5.

"Иеліктен шығаруға жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 894 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

С.М. Жұманғарин

6.

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

А.Н. Жұмағұлов

7.

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 604 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині, ИДМ, МКҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

М.Ж. Майкеев, Р.В. Скляр, А.А. Жүсіпов

8.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа қабылдау кезінде шетелдік жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының міндетті арнайы тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 179 қбп Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

М.С. Өсіпов

9.

Құпия

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МКҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

А.А. Жүсіпов

10.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Еңбекмині

2017 жылғы қыркүйек

Б.Б. Нұрымбетов

11.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қаржымині

2017 жылғы қыркүйек

Б.Ш. Шолпанқұлов

12.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

А.А. Шайымова

13.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс етілін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

А.А. Шайымова

14.

Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2017 жылғы тамыз

Е.Қ. Хаиров

15.

Инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2017 жылғы қыркүйек

Т.С. Тоқтабаев

16.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині, ИДМ, МКҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

М.Ж. Мәйкеев, Р.В. Скляр, А.А. Жүсіпов

17.

Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2017 жылғы қыркүйек

Қ.К. Айтуғанов

18.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға берілмейтін объектілер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

Р.Е. Дәленов

19.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 12.01.2018 № 2-ө өкімімен.

20.

Қайырымдылық субъектілеріне құрметті атақтар белгілеу және беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДІАҚМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

А.Н. Нүкенов, А.Ю.Тараков

21.

Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

А.Н. Жұмагұлов

22.

Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекет меншігіндегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

С.М. Жұманғарин

23.

Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2020 жылғы желтоқсан

А.А. Шайымова

24.

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2017 жылғы қыркүйек

Б.Б. Нұрымбетов

25.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

А.Ж. Шпекбаев

26.

Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МҚІСҚА (келісім бойынша) СІМ

2017 жылғы қыркүйек

А.А. Шайымова, М.Б. Тлеуберді

27.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа қабылдау кезінде шетелдік жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының міндетті арнайы тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бірлескен бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

М.С. Өсіпов, А.А. Шайымова

28.

Құпия

бұйрық

МКҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

А.А. Жүсіпов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      МҚІСҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      МКҚ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ДІАҚМ - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

      "Қоғамдық келісім" РММ - "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі

      СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады