"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 20-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес:";
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын:
1) орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беруін өткізу графигін
10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұсынсын;
2) ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісу бойынша) басшыларының орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне қатысуын қамтамасыз етсін;
3) екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференция байланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізуді, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі орталық атқарушы органдар басшыларының халық алдында есеп беруін өткізу графигін жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл сайын 10 желтоқсаннан кешіктірмей, халыққа есеп беру кездесулерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған графиктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберсін.";
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
"6-2. Жергілікті атқарушы органдар барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференция байланысын (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) ұйымдастыра отырып, есеп беру кездесулерін өткізуді қамтамасыз етсін.";
7, 7-1 және 7-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Орталық және жергілікті атқарушы органдар есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық және өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және "электрондық үкімет" веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, әкімдіктердің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және министрлердің, әкімдердің жеке аккаунттарында есеп беру кездесулерін өткізу графиктерін және алдағы есеп берулерге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тәсілдері туралы ақпаратты жарияласын.
7-1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде жұртшылық өкілдерімен есепті кездесулерді онлайн-трансляциялау үшін ақпараттық интернет-ресурсты айқындасын, сондай-ақ бұл туралы орталық атқарушы органдарға (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) хабарласын.
7-2. Орталық атқарушы органдар есептік кездесулердің онлайн-трансляциясының бейнесигналын түсіру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық ресурсқа дейін жеткізу үшін техникалық жағдайларды қамтамасыз етсін.";
мынадай мазмұндағы 7-3-тармақпен толықтырылсын:
"7-3. Барлық деңгейдегі әкімдер:
есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдауды өткізсін;
есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдауды өткізсін.";
7-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-4. Есеп беру кездесулері мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей есептерді және есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалы мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, олардың тізбесін:
орталық атқарушы органдардың басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдері тиісті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында;
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарында және бар болса –әкімдер аппараттарының ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалы мәселелердің шешілу барысы (проблемалы мәселелер, орындалу барысы) туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай орталық атқарушы органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, қаладағы аудандар әкімдіктерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдері аппараттарының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.";
көрсетілген өкіммен бекітілген орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының есеп беруінің үлгілік нысанында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жалпы ережелер:
1) орталық атқарушы органдардың есеп беруі:
орталық атқарушы органдар қызметінің негізгі бағыттары туралы;
орталық атқарушы органдар қызметінің нәтижелері туралы;
елде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу және тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;
2) ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының есеп беруі:
жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттары туралы;
жоғары оқу орны қызметінің нәтижелері туралы;
білім, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметінің мәселелері бойынша іске асырылып жатқан бастамалар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
3) жергілікті атқарушы органдардың есеп беруі:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері қызметінің негізгі бағыттары, нәтижелері туралы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қызметінің нәтижелері туралы;
елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалы мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;
4) жергілікті атқарушы органдардың Қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруі:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.";
көрсетілген өкіммен бекітілген ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекітуде:
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 7,13 және14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі | "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
13 | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
14 |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-жолмен толықтырылсын:
"
16 | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі | "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
".
Премьер-Министр | А. Мамин |