1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2020 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасының жобасын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 74-ө өкіміне қосымша |
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
"Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Базалық сапалар және экология департаментінің басқарушы директоры (келісу бойынша)