1. Қоса беріліп отырған "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 26 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актіні қабылдасын және тізбеге сәйкес құқықтық актіні қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылдаған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 19 тамыздағы № 114-ө өкімімен бекітілген |
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с№ | Құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Халықаралық тасымалдарды қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын конкурстық негізде айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ | 2020 жылғы тамыз | Қ.Е. Баеділов |
2. | Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2020 жылғы тамыз | Қ.Е. Баеділов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қаржымині– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі