"Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
1. "Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасында:
"Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары" деген тарауда:
бесінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияла жазылсын:
"ЖАО және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:";
төртінші абзац мынадай редакцияла жазылсын:
"3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90 % көлемінде болған кезде отандық өндірушілерден сатып алуды, сондай-ақ инфекциялық ауруханаларды орналастыру үшін кейіннен құрылыс- монтаждау жұмыстарын жасай отырып, медициналық технологиялық жабдықтармен жиынтықта дайын модульдік конструкцияларды және коронавирус инфекциясынын таралуына қарсы күрес үшін медициналық жабдықтарды алуды;".
2. Осы өкімнің орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |