1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша):
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлесін және қабылдасын;
2) келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 6-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік кұқықтық актінің атауы | Нормативтік кұқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы | БП (келісу бойынша) | 2021 жылғы наурыз | М.М. Ахметжанов |
2. | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы | БП (келісу бойынша) | 2021 жылғы наурыз | М.М. Ахметжанов |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы