"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 6-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша):

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлесін және қабылдасын;

      2) келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 6-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с № Нормативтік кұқықтық актінің атауы Нормативтік кұқықтық актінің нысаны Орындалуына жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2021 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

2.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2021 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады