"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары енгізілсін;
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдык резервтер комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы";
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары" деген жол алып тасталсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
Премьер-Министр | А. Мамин |