1. Қоса беріліп отырған "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 38-ө өкімімен бекітілген |
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2021 жылғы ақпан | А.С. Сапаров |
2 | Астық нарығы жөніндегі операторды айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2021 жылғы ақпан | А.С. Сапаров |
3 | Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2021 жылғы наурыз | А.С. Сапаров |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.