"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 38-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 38-ө өкімімен
бекітілген

"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2021 жылғы ақпан

А.С. Сапаров

2

Астық нарығы жөніндегі операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2021 жылғы ақпан

А.С. Сапаров

3

Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2021 жылғы наурыз

А.С. Сапаров

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады