Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру мәселесі бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі мерзімде Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру мәселесі жөнінде ұсыныстар тұжырымдасын.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 202-ө өкіміне қосымша |
Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы
Ерғалиев | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекші |
Қуантыров | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Несіпқұлов | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы |
Айдаров | – | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Баймишев | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі |
Тұрысов | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі |
Олжабаев | – | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры |
Мұхамеджанов | – | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Тілеубеков | – | "Астана" халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес ұйымы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |