Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 202-ө өкімі

      Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру мәселесі бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі мерзімде Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру мәселесі жөнінде ұсыныстар тұжырымдасын.

      Премьер-Министр А. Мамин

 
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 202-ө өкіміне
қосымша

Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы

Ерғалиев
Әсет Арманұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекші

Қуантыров
Әлібек Сәкенұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Несіпқұлов
Ержан Байқадамұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы

Айдаров
Алмас Айдарұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

Баймишев
Руслан Нұрашұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Тұрысов
Әсет Нұрланұлы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

Олжабаев
Қанат Жеңсікбайұлы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

Мұхамеджанов
Әділ Бектасұлы

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

Тілеубеков
Бахтияр

"Астана" халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес ұйымы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады