1. Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, экономикалық орындылығын ескере отырып, Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жан-жақты қарауды және қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Комиссияның төрағасы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Комиссия жұмысының нәтижесі және Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 3 қаңтардағы № 1-ө өкіміне қосымша |
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау жөнінде үкіметтік комиссияның құрамы
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасы |
Ноғаев Нұрлан Асқарұлы | - | Маңғыстау облысының әкімі, Комиссия төрағасының орынбасары |
Жұманғарин Серік Мақашұлы | - | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша) |
Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы | - | Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі |
Айдарбаев Алик Серікұлы | - | "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісу бойынша) |