Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау жөнінде үкіметтік комиссияны құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 3 қаңтардағы № 1-ө өкімі

      1. Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, экономикалық орындылығын ескере отырып, Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жан-жақты қарауды және қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Комиссияның төрағасы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Комиссия жұмысының нәтижесі және Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1-ө өкіміне
қосымша

Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау жөнінде үкіметтік комиссияның құрамы

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасы

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы

-

Маңғыстау облысының әкімі, Комиссия төрағасының орынбасары

Жұманғарин Серік Мақашұлы

-

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі

Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі

Айдарбаев Алик Серікұлы

-

"Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісу бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады