Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында болған апаттың себептерін тергеп-тексеру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттардың себептерін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, апаттардың себептері мен мән-жайларын жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, энергетикалық және мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия апаттардың себептерін тергеп-тексерудің нәтижелері, энергетикалық және мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 105 өкіміне қосымша |
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттардың себептерін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны үкіметтік комиссияның құрамы
Смайылов | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, төраға |
Скляр | - |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары |
Нұрмағанбетов | - |
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, комиссия хатшысы |
Сәтқалиев | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Шәріпханов | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ахметжанов | - |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Ноғаев | - |
Маңғыстау облысының әкімі |
Шәпкенов | - |
Атырау облысының әкімі |
Өмірәлиев | - | Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары |
Қосжанов Бақытбек Жамалбекұлы | - |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары |
Мырзағалиев | - |
"КазМунайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы |
Молдабаев | - |
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы "KEGOC" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы |
Мақсұтов | - |
"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы |