Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттардың себептерін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 105-ө өкімі.

      Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында болған апаттың себептерін тергеп-тексеру мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттардың себептерін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, апаттардың себептері мен мән-жайларын жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, энергетикалық және мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Комиссия апаттардың себептерін тергеп-тексерудің нәтижелері, энергетикалық және мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 105 өкіміне
қосымша

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттардың себептерін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны үкіметтік комиссияның құрамы

Смайылов
Әлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, төраға

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
 

Нұрмағанбетов
Жандос Демесінұлы

-

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, комиссия хатшысы
 

Сәтқалиев
Алмасадам Майданұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Шәріпханов
Сырым Дүйсенғазыұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

Ахметжанов
Марат Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
 

Ноғаев
Нұрлан Асқарұлы
 

-

Маңғыстау облысының әкімі
 

Шәпкенов
Серік Жамбулұлы
 

-

Атырау облысының әкімі
 

Өмірәлиев
Жандос Жәнібекұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары

Қосжанов Бақытбек Жамалбекұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
 

Мырзағалиев
Мағзұм Маратұлы

-

"КазМунайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
 

Молдабаев
Қаныш Тәңірбергенұлы

-

"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы "KEGOC" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
 

Мақсұтов
Қайрат Беріқұлы

-

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады