2023 жылғы 30 қарашада Алматы қаласындағы Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы тұрғын үйде орналасқан үй-жайдағы өрттің (бұдан әрі – өрт) салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсету жөніндегі шаралар қабылдасын.
3. Комиссия төрағасы Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексерудің және зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсетудің нәтижелері жөнінде баяндасын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы "30" қарашадағы № 188-ө өкіміне қосымша |
Алматы қаласындағы тұрғын үйде болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Шәріпханов | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға |
Әмрин | - | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Камалов | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы |
Тойбаев | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы |
Алдынғұров | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры |
Қожаев | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті бастығының міндетін атқарушы |
Бөлегенов | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы |
Кесебаева | - | Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы |
Әмірғалиев | - | Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы |