Алматы қаласындағы тұрғын үйде болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 188-ө өкімі

      2023 жылғы 30 қарашада Алматы қаласындағы Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы тұрғын үйде орналасқан үй-жайдағы өрттің (бұдан әрі – өрт) салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсету жөніндегі шаралар қабылдасын.

      3. Комиссия төрағасы Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексерудің және зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсетудің нәтижелері жөнінде баяндасын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы "30" қарашадағы
№ 188-ө өкіміне
қосымша

Алматы қаласындағы тұрғын үйде болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы

Шәріпханов
Сырым Дүйсенғазыұлы

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға

Әмрин
Асқар Кемеңгерұлы

-

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Камалов
Рамиль Фаткулович

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы

Тойбаев
Әділет Жүнісұлы

-

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы

Алдынғұров
Дәулет Қадырұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры

Қожаев
Мұхтар Жұмабайұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті бастығының міндетін атқарушы

Бөлегенов
Бақытжан Ерғалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы

Кесебаева
Балайым Туғанбайқызы

-

Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы

Әмірғалиев
Еркінбек Рахымбайұлы

-

Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады