Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 23-тармағына сәйкес және Алатау қаласын кешенді дамыту мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Алматы облысының Алатау қаласын дамыту мәселесі бойынша жобалық офис (бұдан әрі – Жобалық офис) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Жобалық офис туралы ереже бекітілсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 143-ө өкіміне қосымша |
Алматы облысының Алатау қаласын дамыту мәселесі бойынша жобалық офистің құрамы
1 |
Бозымбаев | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
2 |
Омарбеков | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары |
3 |
Қисанов | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары, хатшы |
4 |
Төлеушин | - | Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі |
5 |
Сұлтанов | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
6 |
Мерсалимова | - | Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
7 |
Ешенқұлов | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі |
8 |
Қалиақпаров | - | Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі |
9 | Абзал Бейсенбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
10 |
Қажкенов | - | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі |
11 |
Алдамжаров | - | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі |
12 |
Еркінбаев | - | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
13 |
Жакенов | - | Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлерді дамыту және бақылау бөлімінің меңгерушісі |
14 |
Қожасбаев | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі |
15 |
Әмірбеков | - |
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлерді дамыту және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы |
16 |
Теміржанов | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы |
17 |
Оспанқұлов | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы |
18 |
Исатаев | - |
Алматы облысы әкімінің орынбасары |
19 |
Кұдайбергенов | - |
Алматы облысы әкімінің орынбасары |
20 |
Өтенов | - | Алматы облысы Алатау қаласының әкімі |
21 |
Саурбек | - | "Alatau" арнайы экономикалық аймағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры |
22 |
Солтамбеков | - | "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
23 |
Цхай | - | "Сaspian group" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша) |
24 |
Вонг | - | "Asia Infrastructure Solutions Singapore" төрағасы (келісу бойынша) |
25 |
Бодаев | - | "Jusan Bank" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының кеңесшісі (келісу бойынша) |
26 |
Ким | - | "Сaspian group" акционерлік қоғамының директоры (келісу бойынша) |
27 |
Ли | "Khan Tengri Development Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша) |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 143-ө өкімімен бекітілген |
Алматы облысының Алатау қаласын дамыту мәселесі бойынша жобалық офис туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы облысының Алатау қаласын дамыту мәселесі бойынша жобалық офис (бұдан әрі – Жобалық офис) туралы ереже Жобалық офистің мақсаттары мен міндеттерін, функционалдық қызметі мен қызмет тәртібін айқындайды.
2. Жобалық офис Алатау қаласын жедел дамыту және дамуды кешенді ұйымдастырушылық, ақпараттық және талдамалық сүйемелдеу мақсатында құрылады.
3. Жобалық офис өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Жобалық офистің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.
5. Жобалық офистің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей өткізіледі.
2-тарау. Жобалық офистің міндеттері
6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Жобалық офиске мынадай міндеттер жүктеледі:
1) ) Алатау қаласында инвестициялар, тыныс-тіршілік және жұмыс істеу үшін тартымды жағдайлар жасау жөніндегі мәселелерді қарау;
2) Алатау қаласының дамуын үйлестіру мақсатында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор және бизнес субъектілерінің жедел, тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
3) Үкімет деңгейінде шешімдер қабылдауды талап ететін Алатау қаласын дамыту жөніндегі мәселелерді қарау.
7. Қойылған міндеттерді шешу үшін Жобалық офис:
1) Алатау қаласын дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;
2) Мемлекет басшысы, Премьер-Министр және Премьер-Министрдің өңірлік даму саласына жетекшілік ететін орынбасары тапсырмаларының іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
3) салалық заңнамаға нақты өзгерістер енгізу мәселелерін қарайды;
4) қала құрылысы құжаттарын әзірлеу бойынша мониторингті жүзеге асырады;
5) Алатау қаласында зәкірлік объектілер салу үшін халықаралық көшбасшы компаниялармен келіссөздер жүргізуге қатысады және олардың тізбесін айқындайды;
6) қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге отандық және шетелдік инвесторлар жұмсаған шығындарды қайтару тетігін тұжырымдауға қатысады;
7) жер учаскелерін алып қоюды оңтайландыру және сатып алуды жеделдету жөніндегі ұсыныстарды қарайды;
8) Алатау қаласының дамуын қаржыландыру үшін қаржы және банк институттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
9) ірі инвестициялық жобаларды дайындауды және өзектілендіруді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Жобалық офистің қызметін ұйымдастыру, құрылымы және қызмет тәртібі
8. Жобалық офистің басшысы:
1) жұмысты ұйымдастырады және Жобалық офиске жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
2) қажеттілігіне қарай Жобалық офистің жұмысына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор және бизнес субъектілерінің өкілдерін, сондай-ақ халықаралық консультанттарды тартады;
3) Жобалық офистің отырыстарында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, квазимемлекеттік сектор және бизнес субъектілеріне (келісу бойынша) тапсырмалар береді, сондай-ақ оларды тыңдауды жүргізеді.
9. Жобалық офис мынадай секторлардан тұрады:
инвестициялар, өнеркәсіп және логистика;
қаржы;
білім және мәдениет;
туризм және қоршаған орта.
10. Жобалық офистің тапсырмаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор және бизнес субъектілері (келісу бойынша) орындауға тиіс.