Жер учаскелерін берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 144-ө Өкімі

      Елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тасқын судан су басу және олардың су астында қалу қауіп-қатерлерін болғызбау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл іс-шараларын тиімді ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарында жер учаскелерін бөліп беру практикасын болғызбау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл іс-шараларының жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жергілікті атқарушы органдар Жоспарда көзделген іс-шаралар орындалғанға дейін елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарында жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға бөліп беруді болғызбауды қамтамасыз етсін.

      3. Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне олардың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынып тұрсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы есепті ұсынып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 144-ө өкімімен
бекітілген

Елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарында жер учаскелерін бөліп беру практикасын болғызбау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл іс-шараларының жоспары


Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу
мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1

Елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтары кеңістіктік деректерінің форматтарына, мазмұны мен типтеріне қойылатын талаптарды әзірлеу

ЖАО-ға хат

2024 жылғы қазан

ЦДИАӨМ, АШМ, ТЖМ, СРИМ, ЭТРМ

2

Осы Жоспардың 3-тармағына сәйкес елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарының кеңістіктік деректерін жинау мен сақтаудың салалық ақпараттық жүйесін айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жылғы қазан

ЦДИАӨМ, АШМ, ТЖМ, СРИМ, ЭТРМ, ӨҚМ

3

Жергілікті атқарушы органдардың елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарының кеңістіктік деректерін қалыптастыруы

кеңістіктік деректер

2024 жылғы қараша

ТЖМ, СРИМ, ЦДИАӨМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

4

Осы Жоспардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарының кеңістіктік деректерін Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жария кадастрлық картасында жариялау

ЖБМК-ке кеңістіктік деректер

2024 жылғы желтоқсан
 
 

ЦДИАӨМ, АШМ, СРИМ, ТЖМ, ЭТРМ, ӨҚМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ (келісу бойынша)

5

Елді мекендердің іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарын ескере отырып, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекараларын өзектілендіру

ЖАО қаулысы

2025 жылғы желтоқсан
 

СРИМ, ДСМ, АШМ, ЭТРМ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

6

Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жер учаскелерін беру кезінде заңдылықтың сақталуын бақылау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей

АШМ, СРИМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

7

Осы Жоспардың 3 және 5-тармақтарында айқындалған шектеулерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар түзеткен бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

ӨҚМ, ТЖМ, СРИМ, ЭТРМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ЖБМК – Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

О некоторых вопросах предоставления земельных участков

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 7 октября 2024 года № 144-р

      В целях обеспечения эффективной организации и проведения мероприятий межведомственного взаимодействия по исключению рисков затопления и подтопления населенных пунктов и межселенных территорий от паводков:

      1. Утвердить прилагаемый План мероприятий межведомственного взаимодействия по исключению практики отвода земельных участков в фактических зонах затопления и подтопления населенных пунктов и межселенных территорий (далее – План).

      2. Местным исполнительным органам обеспечить исключение отвода земельных участков в частную собственность и землепользование в фактических зонах затопления и подтопления населенных пунктов и межселенных территорий до выполнения мероприятий, предусмотренных Планом.

      3. Местным исполнительным органам и заинтересованным государственным органам обеспечить своевременное выполнение мероприятий, предусмотренных Планом, и ежеквартально, не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию о ходе их исполнения в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан по итогам полугодия, не позднее 5 числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять в Аппарат Правительства Республики Казахстан отчет о выполнении мероприятий, предусмотренных Планом.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Утвержден распоряжением
Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 7 октября 2024 года № 144-р

План мероприятий
межведомственного взаимодействия по исключению практики отвода земельных участков в фактических зонах затопления и подтопления населенных пунктов и межселенных территорий

№ п/п

Наименование мероприятия

Форма завершения

Сроки исполнения

Ответственный исполнитель

1

2

3

4

5

1

Разработка требований к форматам, содержанию и типам пространственных данных фактических зон затопления и подтопления населенных пунктов и межселенных территорий

письмо в МИО

октябрь 2024 года

МЦРИАП, МСХ, МЧС, МВРИ, МЭПР

2

Определение отраслевой информационной системы сбора и хранения пространственных данных фактических зон затопления и подтопления населенных пунктов и межселенных территорий согласно пункту 3 настоящего Плана

информация в Правительство Республики Казахстан

Октябрь 2024 года

МЦРИАП, МСХ, МЧС, МВРИ, МЭПР, МПС

1

2

3

4

5

3

Формирование местными исполнительными органами пространственных данных фактических зон затопления и подтопления населенных пунктов и межселенных территорий

пространственные данные

Ноябрь 2024 года

МЧС, МВРИ, МЦРИАП, МСХ, акиматы областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента

4

Публикация пространственных данных фактических зон затопления и подтопления населенных пунктов и межселенных территорий согласно пунктам 2 и 3 настоящего Плана на Публичной кадастровой карте Единого государственного кадастра недвижимости

пространственные данные в ЕКГН

декабрь 2024 года

МЦРИАП, МСХ, МВРИ, МЧС, МЭПР, МПС, акиматы областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента, НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (по согласованию)

5

Актуализация границ водоохранных зон и водоохранных полос водных объектов с учетом фактических зон затопления и подтопления населенных пунктов

постановление МИО

декабрь 2025 года

МВРИ, МЗ, МСХ, МЭПР, акиматы областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента

6

Контроль за соблюдением законности предоставления земельных участков в водоохранных зонах и полосах

информация в Правительство Республики Казахстан

по итогам полугодия, не позднее 5 числа месяца, следующего за отчетным периодом

МСХ, МВРИ, акиматы областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента

7

Внесение в государственный градостроительный кадастр откорректированных местными исполнительными органами генеральных планов и проектов детальной планировки с учетом ограничений, определенных в пунктах 3 и 5 настоящего Плана

информация в Правительство Республики Казахстан

Декабрь 2027 года

МПС, МЧС, МВРИ, МЭПР, акиматы областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МСХ – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан;

      МЗ – Министерство здравоохранения Республики Казахстан;

      ЕГКН – Единый государственный кадастр недвижимости;

      МПС – Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан;

      МВРИ – Министерство водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан;

      МЧС – Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      МЦРИАП – Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      МЭПР – Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      _________________________________________