Елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тасқын судан су басу және олардың су астында қалу қауіп-қатерлерін болғызбау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл іс-шараларын тиімді ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарында жер учаскелерін бөліп беру практикасын болғызбау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл іс-шараларының жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жергілікті атқарушы органдар Жоспарда көзделген іс-шаралар орындалғанға дейін елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарында жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға бөліп беруді болғызбауды қамтамасыз етсін.
3. Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне олардың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынып тұрсын.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы есепті ұсынып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 144-ө өкімімен бекітілген |
Елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарында жер учаскелерін бөліп беру практикасын болғызбау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл іс-шараларының жоспары
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны |
Орындалу | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтары кеңістіктік деректерінің форматтарына, мазмұны мен типтеріне қойылатын талаптарды әзірлеу | ЖАО-ға хат | 2024 жылғы қазан | ЦДИАӨМ, АШМ, ТЖМ, СРИМ, ЭТРМ |
2 | Осы Жоспардың 3-тармағына сәйкес елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарының кеңістіктік деректерін жинау мен сақтаудың салалық ақпараттық жүйесін айқындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2024 жылғы қазан | ЦДИАӨМ, АШМ, ТЖМ, СРИМ, ЭТРМ, ӨҚМ |
3 | Жергілікті атқарушы органдардың елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарының кеңістіктік деректерін қалыптастыруы | кеңістіктік деректер | 2024 жылғы қараша | ТЖМ, СРИМ, ЦДИАӨМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
4 | Осы Жоспардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес елді мекендер мен қонысаралық аумақтардың іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарының кеңістіктік деректерін Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жария кадастрлық картасында жариялау | ЖБМК-ке кеңістіктік деректер |
2024 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ, АШМ, СРИМ, ТЖМ, ЭТРМ, ӨҚМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ (келісу бойынша) |
5 | Елді мекендердің іс жүзінде су басқан және су астында қалған аймақтарын ескере отырып, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекараларын өзектілендіру | ЖАО қаулысы |
2025 жылғы желтоқсан | СРИМ, ДСМ, АШМ, ЭТРМ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
6 | Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жер учаскелерін беру кезінде заңдылықтың сақталуын бақылау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей | АШМ, СРИМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
7 | Осы Жоспардың 3 және 5-тармақтарында айқындалған шектеулерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар түзеткен бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, ТЖМ, СРИМ, ЭТРМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ЖБМК – Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.