2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Жомарт" кеніші шахтасының аумағында болған аварияның себептерін тергеп-тексеру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Жомарт" кеніші шахтасының аумағындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және оның салдарын жою жөнінде үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, аварияның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия төрағасы Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев аварияның себептерін тергеп-тексеру нәтижелері және келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 42-ө өкіміне қосымша |
Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Жомарт" кеніші шахтасының аумағындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Бозымбаев | - |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Әрінов | - |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төрағаның орынбасары |
Рыспеков | - |
Ұлытау облысының әкімі |
Аленов | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары |
Сарбасов | - |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі |
Нұрлыбаев | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Шархан | - | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі |
Дубаев | - |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Нұриев | - | "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша) |