Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Жомарт" кеніші шахтасының аумағындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және оның салдарын жою жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 42-ө Өкімі

      2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Жомарт" кеніші шахтасының аумағында болған аварияның себептерін тергеп-тексеру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Жомарт" кеніші шахтасының аумағындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және оның салдарын жою жөнінде үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, аварияның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Комиссия төрағасы Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев аварияның себептерін тергеп-тексеру нәтижелері және келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 18 ақпандағы
№ 42-ө өкіміне
қосымша

Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Жомарт" кеніші шахтасының аумағындағы аварияның себептерін тергеп-тексеру және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы

Бозымбаев
Қанат Алдабергенұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
 

Әрінов
Шыңғыс Сайранұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төрағаның орынбасары
 

Рыспеков
Дастан Адайұлы

-

Ұлытау облысының әкімі
 




Аленов
Бауыржан Төлегенұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары

Сарбасов
Ақмәди Әділұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі
 

Нұрлыбаев
Ержан Шәкірұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Шархан
Иран Шарханұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

Дубаев
Рашид Құлтайұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы
 

Нұриев
Нұрахмет Қанатұлы

-

"Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады