1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб (бұдан әрі – Республикалық штаб) құрылсын.
2. Қоса беріп отырған Республикалық штаб туралы ереже бекітілсін.
3. Республикалық штаб орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқынының салдарын жою жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.А. Бозымбаев мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан жұмыс тобын құрсын, оның шеңберінде су тасқынына қатысты ахуалға мониторинг жүргізуді және Республикалық штабтың қарауына шығару үшін ұсыныстарды пысықтауды қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 47-ө өкімімен бекітілген |
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб туралы ереже
1. Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб (бұдан әрі – Республикалық штаб) су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіруді және 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жоюды жүзеге асыратын жұмыс органы болып табылады.
2. Республикалық штаб жетекшіден, жетекшінің орынбасарынан және Республикалық штаб мүшелерінен тұрады.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық штабтың жұмыс органы болып табылады.
4. Республикалық штабтың міндеттері:
1) су тасқыны мен олардың салдарын жою бойынша шаралар тұжырымдау;
2) су тасқынынан туындаған табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған аумақты басқару және оның қызметін қамтамасыз ету бойынша жедел іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
3) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың су тасқыны мен олардың салдарын жою жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) су тасқынынан туындаған табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою жетекшісінің қызметін үйлестіру;
5) су тасқыны мен оның салдарын жою кезеңінде жүргізілетін іс-шаралардың орындалуын бақылау.
5. Республикалық штабтың өкілеттіктері:
1) су тасқынының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу, бейтараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардың кешенді күштері мен құралдарын өрістетуге, тасымалдауға және олардың іс-қимылына байланысты шешімдер әзірлеу;
3) су тасқынын жоюға жұмылдырылған уәкілетті мемлекеттік органдардың кешенді күштері мен құралдарының әзірлігі, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру;
4) су тасқыны мен оның салдарын жою үшін күштер мен құралдарды қосымша тарту мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;
5) су тасқынынан келтірілген нұқсан көлемін бағалау жұмысын ұйымдастыру;
6) зардап шеккен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, су тасқынынан және оның салдарынан халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде оларды эвакуациялау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
7) су тасқыны мен оның салдарын жою мәселелерін ақпараттық жария ету және халықпен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
8) су тасқыны мен олардың салдарын жою жөніндегі шаралар үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін пайдалануға ұсыныс енгізу;
9) инженерлік инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үйді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі мәселелерді қарау;
10) су тасқыны салдарынан азаматтардың мүлкіне нұқсан келтірген кезде әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
11) зардап шеккендерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне нұқсанның өтемақысын сақтандыру жағдайлары және атаулы әлеуметтік көмек бойынша төлеу мерзімдерін қысқарту мәселелерін қарау;
12) су тасқыны мен олардың салдарын жою үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын тарту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу.
6. Республикалық штаб өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 47-ө өкіміне қосымша |
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың құрамы
Бектенов | - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші |
Бозымбаев | - |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Жүнісбеков Серік Тұрсынәлиұлы | - |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы, хатшы |
Жұманғарин | - |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Көшербаев | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Сағымбаев | - |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісу бойынша) |
Сапаров | - |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Сәрсембаев | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Әлназарова | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Жақыпова | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халыққа қызмет көрсету министрі |
Қарабаев | - | Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Такиев | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Жақсылықов | - | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Балаева | - |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Шарлапаев | - | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Нұржігітов | - |
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі |
Әрінов | - |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Мәдиев | - |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Сәденов | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Нысанбаев | - | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Сәтқалиев | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Уәли Берік | - |
Абай облысының әкімі |
Ахметжанов | - |
Ақмола облысының әкімі |
Шахаров | - |
Ақтөбе облысының әкімі |
Сұлтанғазиев | - |
Алматы облысының әкімі |
Шәпкенов | - |
Атырау облысының әкімі |
Сақтағанов | - |
Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
Қарашөкеев | - |
Жамбыл облысының әкімі |
Исабаев | - |
Жетісу облысының әкімі |
Төреғалиев | - |
Батыс Қазақстан облысының әкімі |
Бөлекпаев | - |
Қарағанды облысының әкімі |
Ақсақалов | - |
Қостанай облысының әкімі |
Нәлібаев | - |
Қызылорда облысының әкімі |
Қилыбай | - |
Маңғыстау облысының әкімі |
Байханов | - |
Павлодар облысының әкімі |
Нұрмұхамбетов | - |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Көшеров | - |
Түркістан облысының әкімі |
Рыспеков | - |
Ұлытау облысының әкімі |
Досаев | - |
Алматы қаласының әкімі |
Қасымбек | - |
Астана қаласының әкімі |
Сыздықбеков | - | Шымкент қаласының әкімі |