Мемлекеттiк әскери мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету және оның республикадан тыс жерлерге әкетiлуiн реттеу, сондай-ақ халық шаруашылығы мүддесiне пайдалану мақсатында: 1. Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия мына құрамда құрылсын: Сапсай В.Г. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң қаруландыру жөнiндегi орынбасары /комиссия төрағасы/ Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Меммүлiккомы төрағасының орынбасары /комиссия төрағасының орынбасары, келiсiм бойынша/ Темiрбеков С.Ж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң тыл жөнiндегi орынбасары /комиссия төрағасының орынбасары/ Комиссия мүшелерi: Ақышбаев Қ.А. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қорғанысты, хауiпсiздiк пен хұқық тәртiбiн қаржыландыру басқармасының бастығы Дудкин А.Ф. - Қазақстан Республикасы Әскери прокуратурасының жалпы қадағалау бөлiмiнiң бастығы Полюхов М.В. - Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының шетелдегi меншiк, экономикалық хауiпсiздiк және конверсия бөлiмiнiң бастығы /келiсiм бойынша/ Нагай Л.А. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бюджет-қаржы басқармасының бастығы Сәдiбеков Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң тапсырыс және сатып алу басқармасының бастығы Ралов И.Н. - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Қорғаныс бөлiмiнiң референтi 2. Комиссия әскери мүлiктiң жұмсалу бағытын анықтасын, оның құнын анықтау жөнiнде сарап ұйымдастырсын.
3. Комиссия төрағасына республика Қорғаныс министрлiгiнiң тиiстi қызмет орындарының бастықтарын, ал даулы мәселелер туған жағдайда тәуелсiз сарапшыларды комиссияның жұмысына тарту хұқы берiлсiн.
5. Комиссия төрағасы бiр ай мерзiмде аталмыш комиссияның жұмыс тәртiбi туралы Ереженi бекiтсiн.
Премьер-министр