1. "Оттөзiм" корпорациясы мен Торғай боксит кенiшi басқармасының салынып жатқан қабырғалық керамикалық материалдар зауытының базасында Арқалық қаласында акционерлiк негiзде отқа төзiмдi материалдар өндiрiсiн ұйымдастыру туралы "Құрылыс материалдары" концернi және Торғай облысының әкiмi қолдаған бастамасы мақұлдансын.
"Оттөзiм" корпорациясы Арқалық қаласында отқа төзiмдi материалдар шығару жөнiндегi бас тапсырыс берушi болып анықталсын.
"Құрылыс материалдары" концернi Арқалық қаласында салынып жатқан қабырғалық керамикалық материалдар зауытының аяқталмаған құрылысын, материалдық ресурстарын және басқа көрсеткiштерiн белгiленген тәртiппен, 1992 жылғы I қарашадағы жағдай бойынша "Оттөзiм" корпорациясына берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Арқалық қаласында салынып жатқан қабырғалық керамикалық материалдар зауытын Қазақстан өнеркәсiбiнiң базалық салаларының мұқтажы үшiн отқа төзiмдi материалдар мен бұйымдар шығаруға қайта бағыттауға арнап инвестиция қорынан 1993 жылға жеңiлдiктi кредит бөлу туралы мәселе қарайтын болсын.
3. Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мен "Оттөзiм" корпорациясы Арқалық қаласындағы зауытты қайта бағыттау және оның құрылысын аяқтау үшiн шетел кредиттерiн тарту мәселесiн пысықтасын.
4. "Оттөзiм" корпорациясы "Қазақстан құрылыс" концернiмен бiрлесiп 1992 жылғы I желтоқсанға дейiн Арқалық қаласындағы отқа төзiмдi материалдар өндiру жөнiндегi зауытты қайта бағыттау және оның құрылысын аяқтау жұмысын жүзеге асыру үшiн мердiгер ұйымды анықтасын.
Премьер-министрдiң орынбасары