Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 3 тамыз 1993 ж. N 321-ө

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қайта ұйымдастыру туралы" 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 1066 және "Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер ұлттық кеңесiн құру туралы" 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 1069 Жарлықтарын атқару үшiн және шет елдерде нарықтық экономика кадрларын даярлауды ұйымдастыру мен үйлестiру мәселелерiн ретке келтiру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi нарықтық экономика кадрларын республикада және одан сырт жерлерде даярлау және қайта даярлау жөнiндегi ұсыныстарын мiндеттi түрде Экономика министрлiгiне жiберетiн болсын.
      2. Экономика министрлiгi нарықтық жаңғырулардың негiзгi бағыттары бойынша кадрларды оқыту мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер ұлттық кеңесiнiң қарауына ұсыныстар енгiзсiн.
      3. Экономика Министрлiгi басқа мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, екi ай мерзiмде нарықтық экономика бойынша Қазақстанның жоғары және арнаулы оқу орындарына және шет елдерге оқуға жiберiлетiн кадрларды iрiктеудiң тетiгi, әрi оларды алдағы уақытта мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарында пайдаланудың тәртiбi туралы ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер ұлттық кеңесiне енгiзсiн.
      4. Министрлiктерге, ведомстволарға, жергiлiктi әкiмдерге, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарға нарықтық экономика бойынша кадрлар даярлау мен қайта даярлау шеңберiнде басшы қызметкерлер мен мамандарды Экономика министрлiгiнiң келiсiмiнсiз әрi Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер ұлттық кеңесiнде қарамайынша шет елдерге оқуға жiберуге тыйым салынсын.
      5. Нарықтық экономика бойынша кадрларды оқыту және қайта даярлау үшiн мемлекетаралық келiсiмдер, шетелдер және халықаралық қаржы мен экономика ұйымдарының техникалық көмегi шеңберiнде көзделген қаражатты бөлу құқығы Экономика министрлiгiне жүктелсiн.
      6. Министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар тоқсан сайын Экономика министрлiгiне есеп берiлген тоқсаннан кейiнгi келесi айдың 15-не дейiн нарықтық экономика бойынша кадрлар даярлау мен қайта даярлау бағдарламалары жөнiнен ақпарат берiп тұрсын.

      Премьер-министр

О подготовке кадpов для pыночной экономики за pубежом

Распоряжение Премьер-министра Республики Казахстан от 3 августа 1993 года N 321-p

      Во исполнение Указов Президента Республики Казахстан от 11 января 1993 г. N 1066 U931066_ "О реорганизации Государственного комитета Республики Казахстан по экономике" и от 12 января 1993 г. N 1069 "О создании Национального совета экономических преобразований Республики Казахстан" и в целях упорядочения вопросов организации и координации подготовки кадров для рыночной экономики за рубежом:
      1. Министерствам и ведомствам Республики Казахстан, главам областных, Алматинской и Ленинской городских администраций в обязательном порядке направлять в Минэкономики предложения по подготовке и переподготовке кадров для рыночной экономики в республике и за ее пределами.
      2. Минэкономики в установленном порядке вносить предложения по организации обучения кадров и повышению квалификации специалистов по основным направлениям рыночных преобразований на рассмотрение в Национальный совет экономических преобразований Республики Казахстан.
      3. Минэкономики совместно с заинтересованными министерствами и ведомствами в двухмесячный срок разработать и внести в Национальный совет экономических преобразований Республики Казахстан предложения по механизму отбора кадров по рыночной экономике, направляемых на учебу в высшие и специальные учебные заведения Казахстана и в зарубежные страны, и порядку их дальнейшего использования в органах государственного и хозяйственного управления.
      4. Министерствам, ведомствам, главам местных администраций, государственным предприятиям и организациям запретить направление в зарубежные страны руководящих работников и специалистов в рамках подготовки и переподготовки кадров по рыночной экономике без согласия с Минэкономики и рассмотрения на Национальном совете экономических преобразований Республики Казахстан.
      5. Возложить на Минэкономики право распределения средств, предусматриваемых в рамках межгосударственных соглашений, технической помощи зарубежных стран и международных финансовых и экономических организаций для обучения и переподготовки кадров по рыночной экономике.
      6. Министерствам, ведомствам, главам местных администраций, государственным предприятиям и организациям ежеквартально до 15 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, представлять в Минэкономики информацию по программам подготовки и переподготовки кадров по рыночной экономике.
Премьер-министр