Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы үкiметаралық Келiсiмi
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 19 қазан 1994 ж. N 427-ө
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының
арасындағы үкiметаралық Келiсiмдi және Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң 1994 жылы мамыр айында Иран Ислам Республикасына
барған ресми сапары кезiнде қол жеткен уағдаластықтарды iс жүзiне
асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң,
Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығының "Атакент" еркiн сауда
аймағының аумағында 1994 жылы қазанның 17-i мен 25-i аралығында
өтетiн Иран сауда-өнеркәсiп көрмесiнен Иран Ислам Республикасының
фирмалары мен компанияларына әртүрлi тауарларды сатуға рұқсат
беру туралы ұсынысы қабылдансын.
Тауарлар мен өнiмдер тек ұлттық валютаға - теңгеге сатылады деп
белгiленсiн.
"Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк кеңесiне алдағы
уақытта өз аумағында өткiзiлетiн халықаралық көрмелер мен
жәрмеңкелердiң әртүрлi тауарларын сатып тұруына рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi импорт кеден
баж салығы мен сатылған тауарларға кедендiк рәсiмдеу шығындары
үшiн:
көтерме сауда кезiнде - шетел фирмасымен (компаниясымен)
жасалған контракт негiзiнде тауарды "Атакент" еркiн сауда аймағының
кеден шекарасынан тыс жерлерге әкеткенде сатып алушыдан;
бөлшек сауда кезiнде - әкелген кезде толтырған декларациясына
сәйкес сатылған тауары үшiн шетел фирмасынан (компаниясынан)
төлем алуды қамтамасыз ететiн болсын. Сатылмаған тауарды әкету
жаңа декларацияға сәйкес рәсiмделедi.
Премьер-министр
О предоставлении разрешения фирмам и компаниям на распродажу товаров широкого ассортимента на теppитоpии свободной тоpговой зоны "Атакент"
Распоряжение Премьер-министра Республики Казахстан от 19 октября 1994 г. N 427-р
В целях реализации межправительственного соглашения между
Республикой Казахстан и Исламской Республикой Иран и
договоренностей, достигнутых в ходе официального визита
Премьер-министра Республики Казахстан в Исламскую Республику
Иран в мае 1994 года:
1. Принять предложение Министерства промышленности и торговли
Республики Казахстан, Казахстанского центра делового сотрудничества
о предоставлении разрешения фирмам и компаниям Исламской Республики
Иран на распродажу товаров широкого ассортимента с Иранской
торгово-промышленной выставки, проводимой с 17 по 25 октября
1994 г. на территории свободной торговой зоны "Атакент".
Установить, что распродажа товаров и продукции осуществляется
только в национальной валюте - тенге.
Разрешить Административному совету свободной торговой зоны
"Атакент" практиковать и в дальнейшем реализацию товаров широкого
ассортимента международных выставок и ярмарок, проводимых на ее
территории.
2. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить
взимание импортной таможенной пошлины и расходов по таможенному
оформлению за реализованный товар:
при оптовой торговле - с покупателя на основании заключенного
контракта с иностранной фирмой (компанией) при вывозе товаров за
пределы таможенной границы свободной торговой зоны "Атакент";
при розничной торговле - с иностранной фирмы (компании) за
проданный товар согласно заполненной декларации при ввозе. Вывоз
нереализованного объема оформляется в соответствии с новой
декларацией.
Премьер-министр