Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы үкiметаралық Келiсiмi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 19 қазан 1994 ж. N 427-ө

      Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы үкiметаралық Келiсiмдi және Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылы мамыр айында Иран Ислам Республикасына барған ресми сапары кезiнде қол жеткен уағдаластықтарды iс жүзiне асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығының "Атакент" еркiн сауда аймағының аумағында 1994 жылы қазанның 17-i мен 25-i аралығында өтетiн Иран сауда-өнеркәсiп көрмесiнен Иран Ислам Республикасының фирмалары мен компанияларына әртүрлi тауарларды сатуға рұқсат беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      Тауарлар мен өнiмдер тек ұлттық валютаға - теңгеге сатылады деп белгiленсiн.
      "Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк кеңесiне алдағы уақытта өз аумағында өткiзiлетiн халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелердiң әртүрлi тауарларын сатып тұруына рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi импорт кеден баж салығы мен сатылған тауарларға кедендiк рәсiмдеу шығындары үшiн:
      көтерме сауда кезiнде - шетел фирмасымен (компаниясымен) жасалған контракт негiзiнде тауарды "Атакент" еркiн сауда аймағының кеден шекарасынан тыс жерлерге әкеткенде сатып алушыдан;
      бөлшек сауда кезiнде - әкелген кезде толтырған декларациясына сәйкес сатылған тауары үшiн шетел фирмасынан (компаниясынан) төлем алуды қамтамасыз ететiн болсын. Сатылмаған тауарды әкету жаңа декларацияға сәйкес рәсiмделедi.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады