Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен
Халықаралық даму жөнiндегi Америка агенттiгiнiң аймақтық миссиясы
(ЮСАИД) әзiрлеген әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту
жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында:
1. Қазақстанда денсаулық қалпына келтiру саласындағы әлеуметтiк
маркетинг бағдарламасына жәрдемдесу жөнiндегi Консультативтiк
комитет мына құрамда құрылсын:
Iзмұхамбетов Т.А. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
Iс басқармасының Әлеуметтiк сала бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары (төраға)
Әбiлов Б. - "Бутя" фирмасының бас директоры (келiсiм
бойынша)
Ахметбеков М.У. - Қазақстан Республикасы Экономминiнiң әлеуметтiк
сала және әлеуметтiк проблемалар басқармасының
бастығы
Девяткин В. - "Караван" газетi редакторының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Дүйсекеев А.Д. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрiнiң орынбасары
Исағалиев Қ.И. - Қазақстан Республикасы Сыртқыiсминiнiң мәдени
және гуманитарлық ынтымақтастық басқармасының
бастығы
Қаюпова Н.А. - Қазақстан Республикасының Денсаулықминi
Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау
ғылыми-зерттеу орталығының директоры
Добрица В. - "Апджон" фирмасының Орта Азия бойынша өкiлi
Құлманова Н.К. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң
орынбасары
Мұхамеджанов Б. - Қазақстан Кәсiпкерлерi конгресiнiң
вице-президентi (келiсiм бойынша)
Островидов О.И. - Республикалық "Бөбек" қайырымдылық Балалар
қорының атқарушы директоры (келiсiм бойынша)
Садықов А. - Қазақстан дәрiгерлерi мен фармацевтерi
Ассоциациясының президентi (келiсiм бойынша)
Ченцова О. - "Эквитас" жеке заң фирмасының бас директоры
(келiсiм бойынша)
2. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Алматы
және Ленинск қалаларының әкiмдерi аталған Комитеттiң жұмысына
жан-жақты көмек көрсетсiн.
Премьер-министрдiң
орынбасары