Халықаралық даму жөнiндегi Америка агенттiгiнiң аймақтық миссиясы (ЮСАИД) әзiрлеген әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында: 1. Қазақстанда денсаулық қалпына келтiру саласындағы әлеуметтiк маркетинг бағдарламасына жәрдемдесу жөнiндегi Консультативтiк комитет мына құрамда құрылсын: Iзмұхамбетов Т.А. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс басқармасының Әлеуметтiк сала бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары (төраға) Әбiлов Б. - "Бутя" фирмасының бас директоры (келiсiм бойынша) Ахметбеков М.У. - Қазақстан Республикасы Экономминiнiң әлеуметтiк сала және әлеуметтiк проблемалар басқармасының бастығы Девяткин В. - "Караван" газетi редакторының орынбасары (келiсiм бойынша) Дүйсекеев А.Д. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Исағалиев Қ.И. - Қазақстан Республикасы Сыртқыiсминiнiң мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық басқармасының бастығы Қаюпова Н.А. - Қазақстан Республикасының Денсаулықминi Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығының директоры Добрица В. - "Апджон" фирмасының Орта Азия бойынша өкiлi Құлманова Н.К. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң орынбасары Мұхамеджанов Б. - Қазақстан Кәсiпкерлерi конгресiнiң вице-президентi (келiсiм бойынша) Островидов О.И. - Республикалық "Бөбек" қайырымдылық Балалар қорының атқарушы директоры (келiсiм бойынша) Садықов А. - Қазақстан дәрiгерлерi мен фармацевтерi Ассоциациясының президентi (келiсiм бойынша) Ченцова О. - "Эквитас" жеке заң фирмасының бас директоры (келiсiм бойынша) 2. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi аталған Комитеттiң жұмысына жан-жақты көмек көрсетсiн. Премьер-министрдiң орынбасары
Консультативтiк комитетiнiң кұрамы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрi Орынбасарының Өкiмi 11 қазан 1994 ж. N 5-1-ө
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз