1. "Азат" өндiрiстiк-коммерциялық концернiнiң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу және полиэтилен бөтелкелерiн жасау арқылы салқындатпа сусындар өндiру бойынша құрал-жабдықтар мен технология сатып алу, оның iшiнде:
- немiс банкiлерi берген жалпы сомасы 20 (жиырма) миллион
АҚШ доллары сомасындағы кредиттер есебiнен: полиэтилен бөтелкелерiн шығару арқылы салқындатпа сусындар өндiретiн үш желi; шұжық бұйымдарын өндiру бойынша бес кiшi-завод; 12 диiрмен; - поляк банкiлерi берген жалпы сомасы 10 (он) млн. АҚШ доллары сомасындағы кредиттер есебiнен: қатты балмұздақ өндiру бойынша он алты желi; кеспе бұйымдарын өндiру бойынша он екi желi; поролон және жұмсақ мебель жасау желiсiн; екi наубайхана жасау жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын.
Барлығы 7 (жетi) млн. АҚШ доллары, оның iшiнде 3 (үш) млн. доллар бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды сатып алуға жұмсалады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi екi апта мерзiм iшiнде "Азат" концернi табыс еткен жобаларға сараптау жүргiзiп, банк сараптауының нәтижелерi мен Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң банкiлерiмен жүргiзiлген келiсiмдер бойынша ұсыныс енгiзсiн.
3. "Азат" концернi аталған жобалар бойынша Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiгiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне барлық қажеттi кепiлдiктердi берсiн. "Азат" концернi тарапынан берiлген кепiлдiкте мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi Ақмола аумақтық комитетi растаған оның негiзгi қаражаты болады.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi банктiң ұсынысының негiзiнде екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тиiстi шешiмiнiң жобасын әзiрлесiн.
Премьер-министр