Құрал-жабдықтар сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 31

      Қазақстан Республикасының тұтыну рыногын жоғары сапалы тамақ өнiмдерiмен толтыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының экономикасына шетел капиталын тарту процестерiн мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн көтеру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035 U952035_ Жарлығына сәйкес:
      1. "Азат" өндiрiстiк-коммерциялық концернiнiң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу және полиэтилен бөтелкелерiн жасау арқылы салқындатпа сусындар өндiру бойынша құрал-жабдықтар мен технология сатып алу, оның iшiнде:
      - немiс банкiлерi берген жалпы сомасы 20 (жиырма) миллион

АҚШ доллары сомасындағы кредиттер есебiнен:
     полиэтилен бөтелкелерiн шығару арқылы салқындатпа сусындар
өндiретiн үш желi;
     шұжық бұйымдарын өндiру бойынша бес кiшi-завод;
     12 диiрмен;
     - поляк банкiлерi берген жалпы сомасы 10 (он) млн. АҚШ доллары
сомасындағы кредиттер есебiнен:
     қатты балмұздақ өндiру бойынша он алты желi;
     кеспе бұйымдарын өндiру бойынша он екi желi;
     поролон және жұмсақ мебель жасау желiсiн;
     екi наубайхана жасау жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын.


      Барлығы 7 (жетi) млн. АҚШ доллары, оның iшiнде 3 (үш) млн. доллар бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды сатып алуға жұмсалады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi екi апта мерзiм iшiнде "Азат" концернi табыс еткен жобаларға сараптау жүргiзiп, банк сараптауының нәтижелерi мен Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң банкiлерiмен жүргiзiлген келiсiмдер бойынша ұсыныс енгiзсiн.
      3. "Азат" концернi аталған жобалар бойынша Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiгiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне барлық қажеттi кепiлдiктердi берсiн. "Азат" концернi тарапынан берiлген кепiлдiкте мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi Ақмола аумақтық комитетi растаған оның негiзгi қаражаты болады.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi банктiң ұсынысының негiзiнде екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тиiстi шешiмiнiң жобасын әзiрлесiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады