Газ реттегiш құралдарды жасау жөнiндегi Ресей- Қазақстан кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 127

      Жылу энергетика ресурстарын тиiмдi пайдаланудың, республикада газ шаруашылығының қауiпсiздiгi мен сенiмдi түрде пайдаланылуын қамтамасыз ететiн осы заманғы жабдықтарды қолданудың қажеттiлiгiне байланысты:
      1. Пайдаланылудағы жүйелердi жарақтандыру және пайдалануға жаңадан iске қосылған объектiлерге орнату үшiн бұл өнiмдердi кәсiпорындарға, ұйымдар мен халыққа бере отырып, газ қысымы режимiнiң бұзылған және авариялық жағдайлар туындаған реттерде газ шаруашылығының сенiмдi және авариясыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қауiпсiздiк аспаптарын, газ реттегiш аппаратура мен басқа да құралдарды жасау мен оларға сервистiк техникалық қызмет көрсету жөнiндегi бiрлескен Ресей-Қазақстан кәсiпорнын құрудың қажеттiгi туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мен Ресей Федерациясының ашық үлгiдегi "Сигнал" акционерлiк қоғамының ұсынысы келiсiлсiн.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, мүдделi министрлiктер мен ведомстволар:
      1995 жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде қауiпсiздiк аспаптарына, газ реттегiш аппаратурасы мен басқа да құралдарға деген қажеттiлiктi айқындасын, аталған жабдықтардың бiрiншi кезекте тұрғын үй қорының пайдаланылатын газ жүйелерi мен әлеуметтiк және өндiрiстiк сала объектiлерiнде, сондай-ақ жаңадан салынатын газбен жабдықтау жүйелерiнде орнатудың назарда ұстасын;
      газ жүйелерiн жаңадан салғанда және қазiргiлерiн қайта жаңартқанда газ бөлгiш қондырғылар мен газбен жабдықтаудың жоғары сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ыстық жинағышы бар шкафтарды қолдансын;
      1995 жылдың III тоқсанынан бастап қысым режимi бұзылғанда және басқа да авариялық жағдайларда, пайдаланылатын және жаңадан салынатын барлық объектiлерде келген газдың тоқтатылуына кепiлдiк беретiн аспаптардың кезең-кезеңiмен мiндеттi түрде қолданылуын қамтамасыз етсiн;

     қазiргi тұрғын үй қорында, әлеуметтiк және өндiрiстiк
салаларда қауiпсiздiк аспаптарын пайдаланудың қажеттiлiгi
туралы халық пен коммуналдық қызметтер арасында түсiнiк жұмысын 
жүргiзсiн.
     3. Осы өкiмнiң орындалу барысына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк 
комиссиясына жүктелсiн.

     Премьер-министрдiң
     бiрiншi орынбасары
      
      


О создании pоссийско-казахстанского предприятия по изготовлению газового оборудования

Распоряжение Премьер-министра Республики Казахстан от 7 апреля 1995 г. N 127-p

      В связи с необходимостью эффективного использования теплоэнергетических ресурсов, применения современного оборудования, обеспечивающего безопасность и надежную эксплуатацию газового хозяйства в республике:
      1. Согласиться с предложением государственной комиссии Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям и акционерного общества открытого типа "Сигнал" Российской Федерации о необходимости создания совместного российско-казахстанского предприятия по изготовлению и сервисному техническому обслуживанию приборов безопасности, газорегулирующей аппаратуры и других изделий, обеспечивающих надежную и безаварийную работу газового хозяйства в случаях нарушения режимов давления газа и возникновения аварийных ситуаций, с поставкой этой продукции предприятиям, организациям и населению для оснащения систем, находящихся в эксплуатации, и установки на вновь вводимых в эксплуатацию объектах.
      2. Главам областных и Алматинской городской администраций, заинтересованным министерствам и ведомствам:
      в срок до июня 1995 года определить потребность в приборах безопасности, газорегулирующей аппаратуре и других изделиях, имея в виду первоочередную установку указанного оборудования на эксплуатируемых газовых сетях жилого фонда и на объектах социальной и производственной сферы, а также на вновь сооружаемых системах газоснабжения;
      при строительстве новых и реконструкции существующих газовых сетей применять газораспределительные установки и шкафы с горячим резервированием, обеспечивающие повышенную надежность газоснабжения;
      обеспечить начиная с III квартала 1995 года поэтапное обязательное применение приборов, гарантирующих отключение поступающего газа в жилые дома и на промышленные объекты в случае нарушения режимов давления и при других аварийных ситуациях, на всех эксплуатируемых и вновь возводимых объектах;

     проводить среди населения и коммунальных служб разъяснительную
работу о необходимости использования приборов безопасности в
существующем жилом фонде, социальной и производственной сферах.
     3. Контроль за ходом выполнения настоящего распоряжения
возложить на Государственную комиссию Республики Казахстан по
чрезвычайным ситуациям.

         Первый заместитель
          Премьер-министра