1. Пайдаланылудағы жүйелердi жарақтандыру және пайдалануға жаңадан iске қосылған объектiлерге орнату үшiн бұл өнiмдердi кәсiпорындарға, ұйымдар мен халыққа бере отырып, газ қысымы режимiнiң бұзылған және авариялық жағдайлар туындаған реттерде газ шаруашылығының сенiмдi және авариясыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қауiпсiздiк аспаптарын, газ реттегiш аппаратура мен басқа да құралдарды жасау мен оларға сервистiк техникалық қызмет көрсету жөнiндегi бiрлескен Ресей-Қазақстан кәсiпорнын құрудың қажеттiгi туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мен Ресей Федерациясының ашық үлгiдегi "Сигнал" акционерлiк қоғамының ұсынысы келiсiлсiн.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, мүдделi министрлiктер мен ведомстволар:
1995 жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде қауiпсiздiк аспаптарына, газ реттегiш аппаратурасы мен басқа да құралдарға деген қажеттiлiктi айқындасын, аталған жабдықтардың бiрiншi кезекте тұрғын үй қорының пайдаланылатын газ жүйелерi мен әлеуметтiк және өндiрiстiк сала объектiлерiнде, сондай-ақ жаңадан салынатын газбен жабдықтау жүйелерiнде орнатудың назарда ұстасын;
газ жүйелерiн жаңадан салғанда және қазiргiлерiн қайта жаңартқанда газ бөлгiш қондырғылар мен газбен жабдықтаудың жоғары сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ыстық жинағышы бар шкафтарды қолдансын;
1995 жылдың III тоқсанынан бастап қысым режимi бұзылғанда және басқа да авариялық жағдайларда, пайдаланылатын және жаңадан салынатын барлық объектiлерде келген газдың тоқтатылуына кепiлдiк беретiн аспаптардың кезең-кезеңiмен мiндеттi түрде қолданылуын қамтамасыз етсiн;
қазiргi тұрғын үй қорында, әлеуметтiк және өндiрiстiк салаларда қауiпсiздiк аспаптарын пайдаланудың қажеттiлiгi туралы халық пен коммуналдық қызметтер арасында түсiнiк жұмысын жүргiзсiн. 3. Осы өкiмнiң орындалу барысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына жүктелсiн. Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары