1. "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың /жұмыстар, қызмет
көрсетулер/ экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298
P960298_
қаулысына сәйкес "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамына
Германиядан Қазақстан Республикасына 1995 жылғы 27 желтоқсандағы
N 95/12 контрактiге сәйкес Co 60/СЭҚ ТН код 2844 40.000/жиынтық
белсендiлiгi 12 милликюрлiк сәулеленудiң екi өзектiк көзiн қосатын
2 дана радиометрикалық конвейерлiк өлшеуiш әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы
Атом энергиясы жөнiндегi агенттiкке жүктелсiн.
Премьер-министрдiң
орынбасары