Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Осы қаулының 1-6 қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi тауарлардың /жұмыс, қызмет көрсетулер/ /бұдан әрi - тауарлар/ экспорты мен импортының тәртiбi белгiленсiн.
2. Мыналар бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасындағы тауарлардың /жұмыстар, қызмет көрсету/ экспорты мен импортына лицензия беру тәртiбi туралы ереже /1-қосымша/;
Экспорты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi /2-қосымша/;
Импорты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi /3-қосымша/;
Экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi /4-қосымша/;
Импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi /5-қосымша/;
Экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi /6-қосымша/.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп экономикалық жағдайды ескере отырып, 2-6 қосымшаларда қарастырылған тауарлардың тiзбесiн нақтылау жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзе алады. <*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1997.06.20. N 997 қаулысымен .
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы тауарлардың экспорты мен импортына /жұмыстар, қызмет көрсетулер/ лицензия берудiң тәртiбi туралы ережеге сәйкес белгiленген номенклатура бойынша /2-6 қосымшалар/ тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар бередi және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлген лицензиялар туралы ай сайын мәлiметтер тапсырады. <*>
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1997.06.20. N 997 қаулысымен .
5. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ЕСКЕРТУ. Қосымшаларының ресми аудармасы жоқ болғандықтан орыс
тiлiндегі мәтіннен қараңыз.