Телефон байланысы арқылы қызмет көрсету Ережесiн әзiрлеу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 579
1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Казахтелеком" ҰАК 1996 жылғы 27
қарашадағы қаулысымен сөйлескен және сөйлескен уақыты бар болғанда
абоненттердiң нөмiрiн көрсете отырып телефонмен сөйлескенi рас болған
жағдайда ғана қала iшiндегi сөйлескенi үшiн абоненттерден сөйлескен
уақыты бойынша төлем алуды мiндеттегенi еске алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн телефонмен сөйлесу уақыты
бойынша есептеуге мүмкiндiк жасайтын жабдық орнатуды аяқтау шараларын
қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы
саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың 20 желтоқсанына
дейiнгi мерзiмде:
уақыт бойынша есептеу, абоненттерге қызмет көрсету, ақпаратты
жинақтау және сақтау жабдығына техникалық талапты, байланыстың
автоматты түрде уақыты бойынша есептеу (БАУЕ) енгiзудiң
жоспар-кестесi мен бизнес-жоспарын;
қала iшiндегi сөйлесулерге уақыты бойынша төлем жасау кезiнде
тұтынушыларға телефон байланысы арқылы қызмет көрсету Ережесiн
әзiрлеп, бекiтсiн.
Байланыс кәсiпорындарын техникалық құралдармен жарақтандыру
шаралары бойынша қала iшiнде телефонмен сөйлескенi үшiн уақыты
бойынша төлем жасауды кезең-кезеңмен енгiзуге бақылау орнатсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы
Қаржы-валюта бақылау комитетi "Казахтелеком" ҰАК герман несиесiнiң
валюта қаражаты мен телефон байланысын пайдаланатын тұтынушылардан
алынған қаражатты пайдалану бөлiгiндегi қызметiне тексеру жүргiзсiн,
белгiленген заңмен шара қолдансын және нәтижесi туралы 1997 жылдың 1
ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне мәлiмдесiн.
Премьер-Министр
Об урегулировании вопросов введения повременной платы за внутригородские телефонные разговоры
Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 19 декабря 1996 г. N 579-p
1. Принять к сведению, что Государственный комитет Республики
Казахстан по ценовой и антимонопольной политике постановлением от 27
ноября 1996 года обязал НАК "Казахтелеком" взимать с абонентов
повременную плату за внутригородские переговоры только при наличии
подтверждения телефонных разговоров с указанием номеров абонентов, с
которыми состоялся разговор, и времени разговора.
2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
принять меры, позволяющие до 1 июля 1997 года завершить установку
оборудования для повременного учета телефонных разговоров.
3. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
и Государственному комитету Республики Казахстан по ценовой и
антимонопольной политике в срок до 20 декабря 1996 года разработать
и утвердить:
технические требования к оборудованию повременного учета,
обслуживанию абонентов, сбору и хранению информации, план-график и
бизнес-план внедрения автоматического повременного учета связи
(АПУС);
Правила предоставления услуг телефонной связи потребителям при
повременной оплате внутригородских переговоров.
Установить контроль за поэтапным введением повременной оплаты
за внутригородские телефонные разговоры по мере оснащения
предприятий связи техническими средствами.
4. Комитету финансово-валютного контроля при Министерстве
финансов Республики Казахстан провести проверку деятельности НАК
"Казахтелеком" в части использования валютных средств германского
кредита и средств, полученных от потребителей услуг телефонной
связи, принять установленные законодательством меры и о результатах
доложить Правительству Республики Казахстан до 1 февраля 1997 года.