Телефон байланысы арқылы қызмет көрсету Ережесiн әзiрлеу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 579
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн телефонмен сөйлесу уақыты бойынша есептеуге мүмкiндiк жасайтын жабдық орнатуды аяқтау шараларын қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың 20 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде:
уақыт бойынша есептеу, абоненттерге қызмет көрсету, ақпаратты жинақтау және сақтау жабдығына техникалық талапты, байланыстың автоматты түрде уақыты бойынша есептеу (БАУЕ) енгiзудiң жоспар-кестесi мен бизнес-жоспарын;
қала iшiндегi сөйлесулерге уақыты бойынша төлем жасау кезiнде тұтынушыларға телефон байланысы арқылы қызмет көрсету Ережесiн әзiрлеп, бекiтсiн.
Байланыс кәсiпорындарын техникалық құралдармен жарақтандыру шаралары бойынша қала iшiнде телефонмен сөйлескенi үшiн уақыты бойынша төлем жасауды кезең-кезеңмен енгiзуге бақылау орнатсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi "Казахтелеком" ҰАК герман несиесiнiң валюта қаражаты мен телефон байланысын пайдаланатын тұтынушылардан алынған қаражатты пайдалану бөлiгiндегi қызметiне тексеру жүргiзсiн, белгiленген заңмен шара қолдансын және нәтижесi туралы 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне мәлiмдесiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз