Құрғақшылықтан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 580
Құрғақшылық нәтижесiнде үстiмiздегi жылы Семей облысының
көптеген шаруашылықтарында өте аз мөлшерде астық жиналды, мұның өзi
оған мемлекеттiк ресурсқа астық беру жөнiндегi вексельдiк
бағдарламаны орындауға және астық несиесi жөнiндегi берешектi жабуға
мүмкiндiк бермедi. Құрғақшылықтан зардап шеккен ауыл шаруашылығы
тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы
министрлiгi, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк
қоры осы облыс шаруашылықтарының қорға қалыптасқан берешегiн жабуды
жеделдету жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы мемлекеттiк
ресурстан Семей облысының шаруашылықтарына алдын-ала төлем жасау
шартымен 9,2 мың тонна дәндi дақылдар тұқымын сататын болсын.
3. Семей облысының әкiмi 1997 жылғы 1 қарашаға дейiн мемлекеттiк
ресурсқа 1996 жылғы вексельдер бойынша 14,4 мың тонна мөлшердегi
астықтың және 6,2 мың тонна астық несиесiнiң берешегiн жабуды
қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Об оказании помощи товаропроизводителям Семипалатинской области
Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 24 декабря 1996 г. N 580-р
В результате засухи во многих хозяйствах Семипалатинской области
в текущем году собран крайне низкий урожай зерна, что не позволило ей
обеспечить выполнение вексельной программы по поставкам зерна в
государственные ресурсы и погасить задолженность по зерновым ссудам. В
целях оказания помощи пострадавшим от засухи сельскохозяйственным
товаропроизводителям:
1. Министерству сельского хозяйства, Министерству финансов
Республики Казахстан, Государственному фонду финансовой поддержки
сельского хозяйства принять меры по ускорению погашения имеющейся
задолженности Фонда хозяйствам этой области.
2. Государственной продовольственной контрактной корпорации
реализовать из государственных ресурсов хозяйствам Семипалатинской
области 9,2 тыс. тонн семян зерновых культур на условиях
предварительной оплаты.
3. Акиму Семипалатинской области обеспечить погашение в
государственные ресурсы до 1 ноября 1997 года задолженности зерна по
векселям 1996 года в объеме 14,4 тыс. тонн и зерновым ссудам - 6,2
тыс. тонн.