Құрғақшылықтан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 580
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қоры осы облыс шаруашылықтарының қорға қалыптасқан берешегiн жабуды жеделдету жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы мемлекеттiк ресурстан Семей облысының шаруашылықтарына алдын-ала төлем жасау шартымен 9,2 мың тонна дәндi дақылдар тұқымын сататын болсын.
3. Семей облысының әкiмi 1997 жылғы 1 қарашаға дейiн мемлекеттiк ресурсқа 1996 жылғы вексельдер бойынша 14,4 мың тонна мөлшердегi астықтың және 6,2 мың тонна астық несиесiнiң берешегiн жабуды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз