Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 19 наурыздағы N 70 Өкiмi. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1997 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасын орындау мақсатында: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалар тұжырымдамасы мақұлдансын. 
      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау жөнiндегi шаралардың күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау жөнiндегi шаралардың күнтiзбелiк жоспарына енгiзiлген әзiрлеушiлер болып табылатын жұмыс тобы, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге орталық атқарушы органдар Заңдардың жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне белгiленген мерзiмдерге қатаң сәйкестiкте дайындауды және енгiзудi қамтамасыз етсiн. 
     4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.  

     Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1997 жылғы 19 наурыздағы      
N 70 өкiмiмен           
мақұлданған            

        Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
                жүйесiн реформалау тұжырымдамасы 

                        1. Кiрiспе

      Лайықты қарттықты материалдық жағынан қамтамасыз ету дүние жүзiнiң барлық елдерi үшiн, соның iшiнде экономикалық тұрғыдан дәулеттi елдер үшiн де көкейтестi проблема. Бұған мемлекет пен азаматтың, жұмыс берушi мен қызметкердiң, ата-аналар мен балалардың әлеуметтiк және экономикалық өзара қарым-қатынастарының эволюциясы себептi халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесiнiң табиғи түрде ұлғаюы негiз болып отыр. 
      Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, ұрпақтардың ынтымағы принципiне негiзделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесi iс жүзiнде өзiнiң мүмкiндiктерiн тауысты. Зейнетақы қорының қаржы жағдайының дағдарысы түбегейлi өзгерiстердi және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiне шұғыл реформалар жүргiзудi талап етедi. 
      Ұсынылып отырған Тұжырымдама зейнетақыны реформалаудың стратегиялық бағыттарын айқындайды. 

                  2. Зейнетақымен қамсыздандырудың қазiргi 
                                 жайы-күйi 

      Зейнетақымен қамсыздандырудың қолданылып жүрген жүйесi есепте тұрған зейнеткерлерге зейнетақыны жұмыс iстеушiлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төлеуге негiзделген. 
      Қолданылып жүрген зейнетақы жүйесiнiң түйiндi сипаттамалары мыналар болып табылады: 
      * зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттiк монополия; 
      * қартайғанда өзiн материалдық қамсыздану үшiн азаматтардың жеке жауапкершiлiгiнiң жоқтығы себептi мiндеттi зейнетақы жарналарының иесiздiгi; 
      * зейнетақы қаражатын жүйе iшiнде қайта бөлу. 
      Мұндай жүйе тек жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабiлеттi халықтың iс жүзiнде жұмыспен толық қамтылуы, мемлекеттiк аппараттың жаппай бақылауы және зейнеткерлер мен жұмыс берушi азаматтардың қалыптасқан ара салмағы жағдайында ғана тиiмдi. Сондықтан зейнетақы жүйесi зейнетақының бiршама жоғары деңгейiн қамтамасыз еттi - оның мөлшерi жұмыс iстеген соңғы жылдары алынған жалақыға, еңбек стажы мен жасына байланысты болды, ал жеңiлдiктердiң көптiгi зейнетке шығуға қызықтырды. 
      Экономикалық жағдайдың өзгеруi қалыптасқан зейнетақы жүйесiнiң жұмыс iстеуiн бұзды. 
      Зейнетақы жүйесi, бiр жағынан, көптеген зейнеткерлердiң ең төмен деңгейдегi қажеттерiн қамтамасыз ете алмайтын болды, екiншi жағынан, экономика үшiн ауыртпалықты болды. 
      Зейнетақымен қамсыздандырудың қолданылып жүрген жүйесiнiң принциптi кемшiлiктерi айқын аңғарылды: 
      1. Жарналардың мөлшерi мен зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi арасындағы тiкелей байланыстың жоқтығы. Зейнетақы қорына жарналар иесiздiкпен төлендi, бiрақ жұмыс берушiсiнiң зейнетақы қорына жарналарды тұрақты түрде және толық аударған-аудармағанына қарамастан әрбiр қызметкердiң зейнетақы алуға құқығы бар. Мемлекет, өз тарапынан, жұмыс берушiсi мемлекеттiк Зейнетақы қорына мiндеттi жарналарын аударудан жалтаратын азаматтың алдындағы зейнетақы тағайындау мiндеттемесiн орындауға тиiс. 
      2. Зейнетақы жарналарының жоғары ставкасы өндiрiс шығынын көбейтедi. Қазiргi кезде Зейнетақы қорына аударылатын жалақының 25,5% процентi мөлшерiндегi жарна экономика үшiн ауыртпалықты. Инфляция жағдайында зейнеткерлердiң тұрмыс деңгейiн қолдауға жұмсалатын елеулi және ұдайы өсiп отыратын шығыстарын өтеу үшiн жарна ставкасын одан әрi ұлғайту-жұмыс берушiлердi мемлекеттiк Зейнетақы қорына мiндеттi жарналарды аударудан бұрынғыдан да көп жалтаруға итермелейдi. 
      3. Зейнетақы жарналарының жиналу деңгейiнiң төмендiгi жалпы экономикалық себептерге де, сондай-ақ сақтандыру жарналарының түсуiн бақылаудың тиiстi тетiгiнiң жоқтығына және жұмыс берушiлердiң мемлекеттiк зейнетақымен қамсыздандыруды қолдауға мүдделi еместiгiне де байланысты болып отыр. 
      4. Зейнетақы тағайындау кезiндегi жеңiлдiктер санының көптiгi мемлекеттiк Зейнетақы қорына айтарлықтай салмақ түсiредi. Қолданылып жүрген заңдар көптеген адамдарға зейнетке ерте шығуға және мөлшерi жасына байланысты берiлетiн зейнетақыдан кейбiр жағдайда әлдеқайда жоғары жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық бередi. Нәтижесiнде бiр саланың қызметкерлерi артықшылықты салаларда жұмыс iстеушiлерге зейнетақы төлеу үшiн жарналар төлейдi, осының салдарынан әлеуметтiк әдiлдiк бұзылады. 
      5. Қызметкерлердiң зейнетақы жарналарының дербес есебiнiң жоқтығы аударымды көбейтуге және азаматтардың жеке шоттарында қаражатты шоғырландыруға, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң жарналарын бақылауға ынталандырмайды. 
      6. Зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың тиiмсiз жүйесi түрлi ұйымдық құрылымдар бойынша зейнетақы қаражатын жинау мен жұмсау функцияларының шашыраңқылығы олардың мақсатқа сай жұмсалуына жәрдемдеспейдi және елеулi қаржы ысырабына әкеп соғады. 
      "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы адамдары мен қатардағы құрамын және олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру жүзеге асырылатын азаматтарға зейнетақы төлеу, олардың ерекшелiктерiн ескере отырып республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi. 
      Қолданылып жүрген зейнетақы жүйесiн сақтау оның дағдарысын ұшықтырады және зейнетақы төлемдерiнiң кiдiртiлуiн ұзартады. Сондықтан қолданылып жүрген зейнетақы жүйесi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк қатынастарда принциптi өзгерiстерге мұқтаж болып отыр. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау мемлекет экономикасын дамытуға жәрдемдесе алады, ал барлық зейнеткерлердiң материалдық жағынан қамсыздандырылуы соның жай-күйiне байланысты. 

                 3. Зейнетақыны реформалаудың негiзгi 
                      принциптерi мен бағыттары 

      Ұрпақтардың ынтымағы принципiнен дербес зейнетақы салымы принципiне, мемлекеттiк зейнетақы жүйесiнен мемлекеттiк емес зейнетақы жүйесiне басымырақ көшу реформаны жүргiзудiң негiзгi принципi болуы тиiс. Мыналар басқа принциптер болып табылады: 
      * зейнетақы жүйесiн мемлекеттiк реттеу; 
      зейнетақы қорларын қалыптастыруға кемiнде 30 жыл қатысқан азаматтар үшiн белгiленген ең төмен күнкөрiс минимумын қамтамасыз ету жөнiндегi тiкелей мемлекеттiк кепiлдiктер; 
      * зейнетақы салымдары мен басқа да әлеуметтiк қамсыздандыру нысандарының ара жiгiн ажырату; 
      * еңбекке қабiлеттi жастағы әрбiр азамат, "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы адамдары мен қатардағы құрамын және олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшi қолданылатын азаматтарды қоса алғанда, зейнетақы қорлануын қалыптастыруға мiндеттi түрде қатысуға тиiс; 
      * еңбекке қабiлеттi азаматтардың қартайғанда өзiнiң зейнетақымен қамсыздандырылуы үшiн жеке жауапкершiлiгi; 
      * зейнетақы салымының қауiпсiздiгiмен ұштастыра отырып инвестициялаудың тиiмдiлiгi; 
      * азаматтардың мемлекеттiк емес зейнетақы жүйесiндегi қорланған қаражатты мұралану құқығын қамтамасыз ету; 
      * әрбiр азаматтың қосымша ерiктi зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар; 
      * азаматтардың зейнетақы салымын инвестициялау арқылы экономикаға үлес қосу. 
      Есепте тұрған зейнеткерлердiң зейнетақы алу құқығын iске асыру қажеттiгiне, сондай-ақ егде жастағы (зейнеткерлiктiң алдындағы жастағы) көптеген азаматтардың мемлекеттiк емес зейнетақы жүйесiне жеткiлiктi зейнетақы салымын қорландыруының мүмкiн еместiлiгiне байланысты туып отырған өтпелi кезеңде есепте тұрған зейнеткерлерге мемлекет Зейнетақы қорынан алатын зейнетақы мөлшерiн сақтауға кепiлдiк бередi. 
      Зейнетақы реформасы басталғаннан кейiн зейнетке шыққан азаматтарға мемлекеттiк зейнетақының мөлшерi олардың мемлекеттiк емес зейнетақы жүйесiне ықтимал қатысатын жылдарының санына сайма-сай қысқартылатын болады. 
      Азаматтардың мiндеттi жарналар есебiнен мемлекеттiк емес зейнетақы қорларындағы қорланған қаражаты есебiнен төленетiн зейнетақы негiзгi зейнетақыға айналады және зейнетақымен қамсыздандыруда басты роль атқаратын болады. Бұл зейнетақының принциптi айырмашылығы әрбiр жұмыс iстеушiнiң өзiнiң болашақ зейнетақысының мөлшерiн өзi белгiлейтiнiнде. Зейнетақы шамасы нақты адамның өмiрiнiң ұзақтығына және зейнетақы жарналарына, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялаудан қосымша аударымдарына (дивидендтерге) толық байланысты болады. Бұл зейнетақы дербестендiру принциптерiне негiзделедi, мұның өзi азаматтардың жекелеген санаттарында қандай да болсын артықшылықтарды (жеңiлдiктердi) жоққа шығарады. 
      Қосымша зейнетақы жұмыс iстеушiлердiң немесе олардың жұмыс берушiлерiнiң ерiктi жарналары есебiнен құралуы мүмкiн. 
      "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы адамдары мен қатардағы құрамын және олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшi қолданылатын азаматтардың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының қаражатын құрауға қатысуы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау мақсаттарына сәйкес айқындалады. Бұл ретте мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына қатысушылардың құқықтары, кепiлдiктерi мен мiндеттерi азаматтардың аталған санатына қолданылады. 
      Зейнетақы жүйесiн реформалау белгiлi бiр уақытты қажет етедi, бұл уақыт iшiнде мемлекет есепте тұрған және реформа басталғаннан кейiн зейнетке шыққан барлық зейнеткерлермен қабылданған мiндеттемелер шегiнде есеп айырысуға тиiс. 
      Екiншi жағынан, реформалар басталар сәтте зейнетақымен қамсыздандырудың қазiргi деңгейiн тұрақтандыратын және зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа тиiмдi жүйесiн құру үшiн алғы шарттар жасайтын мынадай шаралар қолданылады: 
      * зейнетақы жеңiлдiктерiн беру саясаты қайта қаралады; 
      * еңбек стажын есептеу және зейнетақыны есептеу тәртiбi оңайлатылады; 
      * әлеуметтiк жәрдемақы, мүгедектiгiне байланысты зейнетақы мен асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы төлеу мемлекеттiк Зейнетақы қорынан мемлекеттiк бюджетке және жұмыс берушiлердiң қызметкерлердi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне ауыстырылады; 
      * мемлекеттiк зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi барлық функциялар Зейнетақы қорына орталықтандырылады; 
      * зейнетақы жарналарына қарай зейнетақы құраудың және тағайындаудың жаңа принциптерiне көшу кезiнде бүкiл зейнетақы процесiн реттеу мақсатында зейнетақы қорларының автоматтандырылған жүйесi негiзiнде азаматтардың зейнетақы шоттарының дербестендiрiлген есебi енгiзiледi; 
      * еркектер мен әйелдердiң зейнетке шығуының шектi жасы 2016 жылға дейiнгi кезеңде бiрте-бiрте өсiрiлiп, теңестiрiледi; 
      * мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының қызметiн мемлекет тарапынан реттеу және бақылау қамтамасыз етiледi, зейнетақы (ғұмырлық зейнетақы рентасын) төлеудi қамтамасыз ету үшiн қорлар мен сақтандыру компанияларының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасалады. 

               4. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiнiң 
                         ұйымдық құрылымы 

      Мемлекеттiк Зейнетақы қоры реформа басталған кезде есепте тұрған зейнеткерлердiң, сондай-ақ реформа басталарда еңбек стажы болған азаматтардың бәрiне қызмет көрсететiн болады. 
      Мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары қызметiнiң негiзгi саласы - ресурстары қызметкерлердiң еңбек табыстарының жарна есептеу үшiн белгiленген 10 процентiнен есептелетiн мiндеттi сақтандыру жарналарының есебiнен құралатын зейнетақылар. Мұндай жарналар қызметкер өзi таңдап алған мемлекеттiк емес зейнетақы қорына аударылатын болады. 
      Қосымша зейнетақылар қызметкерлердiң және/немесе олардың жұмыс берушiлерiнiң ерiктi жарналары есебiнен мемлекеттiк емес зейнетақы қорларында құралады. Бұл зейнетақылар үшiн салық салынбайтын ерiктi зейнетақы жарнасының шектi нормасын белгiлеу көзделiп отыр. 
      Мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары құралу принципi бойынша мыналарға бөлiнедi: 
      * зейнетақыны азаматтардың мiндеттi және ерiктi жарналарынан құрауды жүзеге асыратын ашық қорлар; 
      * жекелеген кәсiпорынның немесе саланың шеңберiнде құрылатын және қосымша зейнетақыны қызметкерлердiң және/немесе олардың жұмыс берушiлерiнiң ерiктi жарналарынан құрайтын кооперативтiк (кәсiптiк) қорлар. 
      Мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары қызметiнiң негiзгi принциптерi: 
      * қорларды жеке басқару және салымшылардың қорды еркiн таңдауына мүмкiндiк беру; 
      * қарапайымдылық, кiнаратсыздық және сенiмдiлiк; 
      * уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қатаң реттеуi және олардың тарапынан сенiмдi қадағалау; 
      * операциялық тиiмдiлiк; 
      * азаматтарға шоттағы қаражаттың мөлшерi туралы ақпаратты (көшiрменi) кезең-кезеңiмен (құпия түрде) берiп тұру; 
      * қор активтерiн ұйымның басқарушылары арқылы басқару. 

              5. Мемлекеттiк зейнетақы қорының өтпелi кезеңге 
                   арналған қаржы ресурстарын қалыптастыру  

      Зейнетақыларды ағымдағы зейнетақылық жарналардан төлеу жүйесi бойынша жұмыс iстейтiн қолданылып жүрген мемлекеттiк Зейнетақы қорын қайта құру зейнетақы реформасының мақсаттары мен мiндеттерiн басшылыққа ала отырып жүргiзiледi. Бұл ретте есепте тұрған зейнеткерлерге алып жүрген зейнетақысының мөлшерiн сақтауға кепiлдiк берiледi. Болашақ зейнеткерлерге мемлекеттiк Зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақының мөлшерi олардың мемлекеттiк емес зейнетақы жүйесiне қатысуы мүмкiн жылдарының санына сайма-сай азайтылады. 
      Мемлекеттiк зейнетақы қорының құралу көздерi мыналар болып табылады: 
      * азаматтардың мiндеттi зейнетақы жарналары; 
      * республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттер. 
      Реформаның мемлекеттiк зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiнен мемлекеттiк емес жүйесiне ауысуды көздейтiн мақсатын назарға ала отырып, азаматтардың мемлекеттiк зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысуы жөнiндегi мiндеттемелерi шектеулi уақыт кезеңiне арналып белгiленедi және ол кейiннен тоқтатылды. Мемлекеттiк зейнетақы қорына төленетiн мiндеттi жарнаның реформа басталған кездегi ставкасы жарна есептеу үшiн айқындалған еңбек табысының 10% мөлшерiнде белгiленедi, ол кейiннен бiрте-бiрте азайтылып 10 жыл iшiнде нөлге жетедi. 
      Мемлекеттiк зейнетақы қорының теңгерiмдiлiгi осы мақсаттарға табиғи ресурстарды пайдаланудан, мемлекеттiк меншiктi пайдаланудан немесе сатудан алынатын "роялти" үлгiсiмен, яғни көп ретте аға ұрпақтың еңбегiмен жасалған қайнар көздерден түсетiн кiрiстермен нығайтылып, республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттер есебiнен қамтамасыз етiледi. 

                6. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 
                         мемлекеттiк реттеу 

      Салымшылар мен зейнетақы алушылардың мүддесiн қорғау мақсатында мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының жұмысын реттеу мыналарды көздеуге тиiс: 
      * жарналар мен төлемдер мөлшерiнiң ара қатынасы бөлiгiнде зейнетақылық сызбаның негiздiлiгiн тексеру; 
      * басқарушы органдардың жарғылық қорының ең төменгi мөлшерiн белгiлеу, жекеменшiк қаражаттың жеткiлiктiлiгiне талап қоюды енгiзу және бiр заемшыға шаққандағы тәуекелдiктiң ең жоғары мөлшерiн шектеу; 
      * кастодиандарды лицензиялау және реттеу; 
      * мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары мен басқарушы органдардың қаржылық жай-күйi ақпаратының жариялылығы мен кiнаратсыздығы; 
      * инвестициялық портфелiнiң құрылымына және зейнетақы активтерiнiң салымдарын бейтараптандыруға шектеу енгiзу; 
      * сыртқы аудит, активтердi және мемлекеттiк емес зейнетақы қоры мен басқарушы ұйымдардың баланс жағдайын бағалау; 
      * мемлекеттiк емес зейнетақы қорының жұмыс iстеген кезеңде банкротқа ұшырау мүмкiндiгiнен қорғау үшiн резерв жасау және қаражатты сақтандыру тетiктерiн енгiзу; 
      * мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары арасындағы бәсекелестiктi дамыту. 
      Зейнетақыны жинау мен төлеу зейнетақы активтерiн инвестициялаудан бөлiнетiн болады. Бұл үшiн мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары зейнетақы активтерiн тиiстi лицензиясы бар басқарушы ұйымдар басқармасына өткiзуге тиiс. 
      Басқарушы ұйымдарға мынадай талаптар қойылады: 
      * сенiмдiлiк және пайымдылылық;
      * тәуекелдiктi бейтараптандыру;
      * тиiстi қадағалаушы органдар тарапынан қатаң реттеу және бақылау жасау; 
      * маркетингтiк және әкiмшiлiк шығыстарға барынша шектеу.     
      Басқарушы ұйымдардың жұмысын лицензиялау мен реттеудi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын болады. 
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының жұмысын лицензиялауды және қадағалауды жүзеге асырады. 

               7. Зейнетақы жарналары мен төлемдерiн есепке 
                      алу және оларға салық салу жүйесi 

      Мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң жалпы принциптерi мен ережелерi негiзiнде құрылуы тиiс. 
      Дербестендiрiлген есеп жеке сақтандыру жарналарын, инвестициялық табысты және төлемдердi көрсетедi. Жеке шотта сақталатын ақпарат құпия болып табылады. 
      Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн Тұжырымдама тиiстi ақпараттық жүйенi әзiрлеп, енгiзудi көздейдi. 
      Жаңа зейнетақы жүйесi мыналарды көздейдi: 
      * заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк емес зейнетақы қорындағы жарналарын салық салудан босату; 
      * мемлекеттiк емес зейнетақы қорының инвестициялық табысын салық салудан босату; 
      * зейнетақы төлемдерiне табыс салығын салу. 

                           8. Қорытынды

      Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау оның мақсатын, сондай-ақ оның барысында туындайтын проблемаларды халықтың қалың жiгiне кеңiнен түсiндiргенде жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      Дайындық кезеңiнде жаңа зейнетақы жүйесiн қолдайтын және азаматтардың мүдделерiн қорғайтын құқықтық және нормативтiк актiлердiң бүкiл кешенi әзiрленiп, қабылданатын болады. 
      Нарықтық экономикаға баламалы жаңа зейнетақы жүйесiн құру жаңа экономикалық жағдайда халықты нақты қорғаудың шұғыл мiндеттi болып табылады. Сонымен бiрге осы мiндеттi iске асыру уақыты әлеуметтiк қорғаудың барлық жүйесiне реформа жүргiзу жағдайында мүмкiн.  

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
1997 жылғы 19 наурыздағы     
N 70 өкiмiмен          
бекiтiлген           

       Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру
      жүйесiн реформалау жөнiндегi шаралардың күнтiзбелiк
                           жоспары

       Ескерту. Жоспар күшiн жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.07.01. N 1040  қаулысымен .

О Концепции реформирования системы пенсионного обеспечения в Республике Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 19 марта 1997 г. N 70-р. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях выполнения Программы действий Правительства Республики Казахстан по углублению реформ на 1996-1997 годы:
      1. Одобрить прилагаемую Концепцию реформирования системы пенсионного обеспечения в Республике Казахстан.
      2. Утвердить прилагаемый Календарный план мероприятий по реформированию системы пенсионного обеспечения в Республике Казахстан.<*>
      Сноска. Календарный план мероприятий утратил силу - постановлением Правительства РК от 1 июля 1997 г. N 1040 P971040_  .
      3. Рабочей группе, министерствам, государственным комитетам, иным центральным исполнительным органам, являющимся разработчиками, включенным в Календарный план мероприятий по реформированию системы пенсионного обеспечения в Республике Казахстан, обеспечить подготовку и внесение проектов законов в строгом соответствии с установленными сроками в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан Павлова А. С.
Премьер-Министр

                                            Одобрена
                                 распоряжением Премьер-Министра
                                      Республики Казахстан
                                    от 19 марта 1997 г. N 70-р

                              Концепция
                  реформирования системы пенсионного
                  обеспечения в Республике Казахстан

                             1. ВВЕДЕНИЕ

      Проблема материального обеспечения достойной старости актуальна для всех стран мира, в том числе и для экономически благополучных. Это обусловлено естественным увеличением доли престарелых граждан в общей численности населения вследствие эволюции социальных и экономических взаимоотношений государства и гражданина, работодателя и работника, родителей и детей.
      Существующая в Казахстане система пенсионного обеспечения, основанная на принципе солидарности поколений, практически исчерпала свои возможности. Кризис финансового положения Пенсионного фонда требует радикальных изменений и безотлагательного проведения реформы системы пенсионного обеспечения.
      Предлагаемая Концепция определяет основные стратегические направления пенсионной реформы.

                       2. СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ
                       ПЕНСИОННОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ

      Действующая система пенсионного обеспечения основана на выплатах пенсий состоявшимся пенсионерам за счет обязательных пенсионных взносов работающих.
      Ключевыми характеристиками действующей пенсионной системы являются:
       государственная монополия на пенсионное обеспечение;
       обезличенность обязательных пенсионных взносов ввиду отсутствия личной ответственности граждан за собственное материальное обеспечение в старости;
       перераспределение пенсионных средств внутри системы.
      Такая система эффективна лишь в условиях плановой директивной экономики, практически полной занятости трудоспособного населения, тотального контроля со стороны государственного аппарата и сложившегося соотношения пенсионеров и работающих граждан. Поэтому пенсионная система обеспечивала относительно высокий уровень пенсий - их размер зависел от заработной платы, полученной в последние годы работы, трудового стажа и возраста, а большое количество льгот делало выход на пенсию привлекательным.
      Изменение экономической ситуации привело к нарушению функционирования сложившейся пенсионной системы.
      Пенсионная система, с одной стороны, стала не способной обеспечить минимальные потребности большинства пенсионеров, а с другой, стала обременительной для экономики.
      Четко обозначились принципиальные недостатки действующей системы пенсионного обеспечения:
      1. Отсутствие прямой связи между размерами взносов и размерами выплат пенсий. Взносы в пенсионный фонд осуществляются обезличенно, но каждый работник имеет право на получение пенсии независимо от того, регулярно и полно ли его работодатель перечисляет взносы в пенсионный фонд. Государство, со своей стороны, должно выполнять пенсионные обязательства перед гражданином, работодатель которого уклоняется от обязательных взносов в государственный Пенсионный фонд.
      2. Высокая ставка пенсионных взносов увеличивает издержки производства. Взнос в размере 25,5% к заработной плате, перечисляемый в настоящее время в пенсионный фонд, обременителен для экономики. Дальнейшее увеличение ставки взноса для покрытия значительных и постоянно растущих расходов на поддержание уровня жизни пенсионеров в условиях инфляции приведет к еще большему уклонению работодателей от обязательных взносов в государственный Пенсионный фонд.
      3. Низкий уровень собираемости пенсионных взносов обусловлен как общеэкономическими причинами, так и отсутствием должного механизма контроля за поступлением страховых взносов и незаинтересованностью работников в поддержке государственного пенсионного обеспечения.
      4. Большое число льгот при назначении пенсий создает значительную нагрузку на государственный Пенсионный фонд. Действующее законодательство предоставляет право значительному числу людей раньше выходить на пенсию и получать льготные пенсии, размер которых в отдельных случаях выше пенсий по возрасту. В результате работники одних отраслей платят взносы для выплаты пенсий работающим в привилегированных отраслях, из-за чего нарушается принцип социальной справедливости.
      5. Отсутствие персонального учета пенсионных взносов работников не создает стимулов к увеличению отчислений и аккумулированию средств на личных счетах граждан, а также к осуществлению контроля за взносами работодателей.
      6. Неэффективная система управления пенсионным обеспечением, рассредоточенность функции сбора и расходования пенсионных средств по разным организационным структурам способствует нецелевому их использованию и влечет серьезные финансовые потери.
      Выплата пенсии гражданам, пенсионное обеспечение которых осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан Z931100_  "О пенсионном обеспечении военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и их семей", учитывая их особенности, производится за счет средств республиканского бюджета.
      Сохранение действующей пенсионной системы неизбежно ведет к обострению ее кризиса и затягивающимся задержкам выплат пенсий. Поэтому действующая пенсионная система в правовом, экономическом и социальном отношениях нуждается в принципиальных изменениях. Реформирование системы пенсионного обеспечения может способствовать развитию экономики государства, от состояния которой зависит улучшение материального обеспечения всех пенсионеров.

                  3. ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ И НАПРАВЛЕНИЯ
                          ПЕНСИОННОЙ РЕФОРМЫ

      Основным принципом проведения реформы должен стать переход от принципа солидарности поколений к принципу персональных пенсионных сбережений, от государственной - к преимущественно негосударственной пенсионной системе. Другими принципами являются:
       государственное регулирование пенсионной системы;
       прямые государственные гарантии по обеспечению минимально установленного прожиточного минимума для граждан, участвовавших в формировании пенсионных фондов не менее 30 лет;
       разграничение пенсионных сбережений и других форм социального обеспечения;
       каждый гражданин трудоспособного возраста подлежит обязательному участию в формировании пенсионных накоплений, включая граждан, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан Z931100_  "О пенсионном обеспечении военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и их семей";
       личная ответственность трудоспособных граждан за свое пенсионное обеспечение в старости;
       эффективность инвестирования в сочетании с безопасностью пенсионных сбережений;
       обеспечение права наследования граждан на накопления в негосударственной пенсионной системе;
       каждый гражданин имеет право на дополнительное добровольное пенсионное обеспечение;
       вклад в экономику через инвестирование пенсионных сбережений граждан.
      В переходный период, наличие которого обусловлено необходимостью реализации прав состоявшихся пенсионеров на получение пенсий, а также невозможностью накопления большинством граждан старшего (предпенсионного) возраста достаточных пенсионных сбережений в негосударственной пенсионной системе, состоявшимся пенсионерам государством гарантируется сохранение получаемого размера пенсий из государственного Пенсионного фонда.
      Размер государственных пенсий гражданам, вышедшим на пенсию после начала пенсионной реформы, будет сокращаться пропорционально количеству лет их возможного участия в негосударственной пенсионной системе.
      Пенсия, выплачиваемая за счет накоплений граждан в негосударственных пенсионных фондах за счет обязательных взносов, в перспективе станет основной и будет играть главную роль в пенсионном обеспечении. Принципиальное отличие этой пенсии в том, что каждый работающий сам определяет размер своей будущей пенсии. Величина пенсии будет полностью зависеть от продолжительности и пенсионных взносов конкретного лица, а также дополнительных начислений (дивидендов) от инвестирования пенсионных активов. Эта пенсия основана на принципах персонификации, что исключает какие-либо привилегии (льготы) отдельным категориям граждан.
      Дополнительная пенсия может формироваться за счет добровольных взносов работающих или их работодателей.
      Согласно целям реформирования системы пенсионного обеспечения определяется участие граждан, подпадающих под действие Закона Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и их семей", в формировании средств государственного и негосударственных пенсионных фондов. При этом на указанную категорию граждан будут распространены права, гарантии и обязанности участников государственного и негосударственных пенсионных фондов.
      Реформирование пенсионной системы потребует определенного времени, в течение которого государство должно рассчитаться со всеми пенсионерами, состоявшимися и вышедшими на пенсию после начала реформы, в пределах принятых обязательств.
      С другой стороны, на старте реформы будут приняты меры, стабилизирующие нынешний уровень пенсионного обеспечения и создающие предпосылки для создания новой эффективной системы пенсионного обеспечения:
       будет пересмотрена политика предоставления пенсионных льгот;
       будет упрощен порядок исчисления трудового стажа и расчета пенсий;
       выплаты социальных пособии, пенсий по инвалидности и пенсий в случае потери кормильца будут перенесены с государственного Пенсионного фонда на государственный бюджет и систему обязательного социального страхования работников работодателями;
       все функции по государственному пенсионному обеспечению будут централизованы в государственном Пенсионном фонде;
       будет введен персонифицированный учет пенсионных счетов граждан на основе автоматизированных систем пенсионных фондов в целях упорядочения всего пенсионного процесса при переходе на новые принципы формирования и назначения пенсий в зависимости от пенсионных взносов;
       предельный возраст выхода на пенсию мужчин и женщин будет постепенно, в период до 2016 года, повышен и выровнен;
       будут обеспечены регулирование и контроль со стороны государства за деятельностью негосударственных пенсионных фондов, созданы условия для функционирования организаций по управлению пенсионными активами фондов и страховых компаний для обеспечения выплат пенсий (пожизненной пенсионной ренты).

                     4. ОРГАНИЗАЦИОННАЯ СТРУКТУРА
                   СИСТЕМЫ ПЕНСИОННОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ

      Государственный Пенсионный фонд будет обслуживать всех состоявшихся к началу реформы пенсионеров, а также граждан, имевших трудовой стаж на начало реформы.
      Основная сфера деятельности негосударственных пенсионных фондов - пенсии, ресурсы которых будут формироваться за счет обязательных страховых взносов работников, из расчета 10 % от трудовых доходов, определенных для исчисления взносов. Такие взносы будут перечисляться в негосударственный пенсионный фонд, выбранный работником.
      Дополнительные пенсии будут формироваться также в негосударственных пенсионных фондах за счет добровольных взносов работников и/или их работодателей. Для этих пенсий намечено установить предельную норму не облагаемого налогом добровольного пенсионного взноса.
      Негосударственные пенсионные фонды по принципу формирования делятся на:
      открытые фонды, осуществляющие формирование пенсий из обязательных и добровольных взносов граждан;
      корпоративные (профессиональные) фонды, создаваемые в рамках отдельного предприятия или отрасли и формирующие дополнительные пенсии из добровольных взносов работников и/или их работодателей.
      Основные принципы деятельности негосударственных пенсионных фондов:
     частное управление фондами и возможность свободного выбора фонда вкладчиками;
     простота, прозрачность и надежность;
     строгое регулирование и надежный надзор со стороны уполномоченных государственных органов;
     операционная эффективность;
     периодическое (конфиденциальное) предоставление гражданам информации о размере счета (выписок);
     управление активами фондов через управляющие организации.

        5. ФОРМИРОВАНИЕ ФИНАНСОВЫХ РЕСУРСОВ ГОСУДАРСТВЕННОГО
               ПЕНСИОННОГО ФОНДА НА ПЕРЕХОДНЫЙ ПЕРИОД


      Реорганизация действующего государственного Пенсионного фонда, функционирующего по системе выплат пенсий из текущих поступлений пенсионных взносов, производится, исходя из целей и задач пенсионной реформы. При этом состоявшимся пенсионерам гарантируется сохранение получаемого размера пенсий. Размер пенсий из государственного Пенсионного фонда будущим пенсионерам уменьшается пропорционально количеству лет возможного их участия в негосударственной пенсионной системе.
      Источниками формирования государственного Пенсионного фонда являются:
       обязательные пенсионные взносы граждан;
       трансферты из республиканского бюджета.
      Принимая во внимание цель реформы, заключающуюся в переходе от системы государственного пенсионного обеспечения к негосударственной, обязательства граждан по участию в формировании государственного пенсионного фонда устанавливаются на ограниченный период времени и в дальнейшем прекращаются. Ставка обязательных взносов в государственный Пенсионный фонд устанавливается на момент начала реформы в размере 10 % от трудовых доходов, определенных для исчисления взносов, с постепенным его уменьшением до нуля в течение 10 лет.
      Сбалансированность государственного Пенсионного фонда обеспечивается за счет трансфертов из республиканского бюджета, с закреплением на эти цели типа "роялти" от эксплуатации природных ресурсов, использования или продажи государственной собственности, то есть доходов от источников, созданных во многом трудом старшего поколения.

                  6. ГОСУДАРСТВЕННОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ
                  СИСТЕМЫ ПЕНСИОННОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ

     В целях защиты интересов вкладчиков и получателей пенсии регулирование деятельности негосударственных пенсионных фондов должно предусматривать:
      проверку обоснованности пенсионных схем в части соотношения размеров взносов и выплат;
      установление минимального размера уставного фонда управляющих организаций, введение требования к достаточности собственных средств и ограничение максимального размера риска на одного заемщика;
      лицензирование и регулирование кастодианов;
      публичность и прозрачность информации финансового состояния негосударственных пенсионных фондов и управляющих организаций;
      введение ограничений на структуру инвестиционного портфеля и диверсификацию вложений пенсионных активов;
       внешний аудит, оценка активов и состояния баланса негосударственных пенсионных фондов и управляющих организаций;
       введение механизмов резервирования и страхования средств для защиты от возможных банкротств негосударственных пенсионных фондов в период деятельности;
      развитие конкуренции между негосударственными пенсионными фондами.
      Сбор и выплата пенсий будут отделены от инвестирования пенсионных активов. Для этого негосударственные пенсионные фонды должны передавать пенсионные активы в управление управляющим организациям, имеющим соответствующую лицензию. К управляющим организациям будут предъявляться следующие требования:
      надежность и рентабельность;
      диверсификация рисков;
      строгое регулирование и контроль со стороны соответствующего надзорного органа;
      предельные ограничения на маркетинговые и административные расходы.
      Лицензирование и регулирование деятельности управляющих организаций будет осуществляться уполномоченным государственным органом.
      Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан осуществляет лицензирование и надзор за деятельностью негосударственных пенсионных фондов.

                  7. СИСТЕМА УЧЕТА И НАЛОГООБЛОЖЕНИЯ
                     ПЕНСИОННЫХ ВЗНОСОВ И ВЫПЛАТ

      Система бухгалтерского учета негосударственных пенсионных фондов должна строиться на основе общих принципов и правил учета.
      Персонифицированный учет отражает отдельно страховые взносы, инвестиционный доход и выплаты. Информация, хранящаяся на персонифицированном счете, является конфиденциальной.
      Для реализации этой задачи Концепция предусматривает разработку и внедрение соответствующей информационной системы.
      Новая пенсионная система предусматривает:
       освобождение от налогообложения взносов юридических и физических лиц в негосударственные пенсионные фонды;
       освобождение от налогообложения инвестиционного дохода негосударственных пенсионных фондов;
       обложение подоходным налогом пенсионных выплат.

                            8. ЗАКЛЮЧЕНИЕ

      Реформа системы пенсионного обеспечения может быть осуществлена при доведении до широких слоев населения ее цели, а также возникающих при этом проблем.
     В подготовительный период будет разработан и принят весь комплекс правовых и нормативных актов, поддерживающих новую пенсионную систему и защищающих интересы граждан.
     Создание новой пенсионной системы, адекватной рыночной экономике, является неотложной задачей реальной защиты населения в новых экономических условиях. В то же время реализация этой задачи возможна при условии проведения реформы всей системы социальной защиты.