1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 25 наурыздағы N 77
"Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және
оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398
U973398_
Жарлығын жүзеге
асыру мақсатында:
1. Әкiмдердiң аталған Жарлықты жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн
тексеру, түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн облыстарға арнайы құрылған
комиссиялар жiберiлсiн.
1997 жылдың 4 сәуiрiнде жоғарыда аталған Жарлықты жүзеге асыру
барысы, облыстарда және Алматы қаласында шағын кәсiпкерлiктi қолдау
жөнiндегi iстердiң жай-күйi қаралатын Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң мәжiлiсi өткiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
мына мерзiмдерде:
25 наурызға дейiн аймақтарда шағын бизнеске қолдау көрсету және
оларды дамыту, жергiлiктi атқарушы органдардың осы бағыттағы қызметiн
бағалау жөнiндегi есептiлiктiң нысанын әзiрлесiн;
1 сәуiрге дейiн өндiрiспен айналысатын шағын кәсiпорындар мен
жеке кәсiпкерлер үшiн электр энергиясы бойынша қуатқа, жылуға, суға,
канализацияларға қосылғаны үшiн ақы төлеудi тоқтату жөнiнде ұсыныс
енгiзсiн;
10 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен
бiрлесiп мемлекеттiк бақылаушы және инспекциялаушы органдарға шарттық
негiзде шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен және жеке кәсiпкерлермен
өзара қарым-қатынасын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қолданылып
жүрген заң актiлерi мен ережелердi тоқтату туралы ұсыныс енгiзсiн;
15 сәуiрге дейiн бұл рәсiмдi баспасөзде жариялау арқылы
өндiрiстiк мақсат үшiн пәтерлер мен тұрғын үйлердiң подвалдарын қайта
жоспарлау жөнiндегi құжаттарды тегiн келiсудiң және берудiң
оңайлатылған рәсiмiн енгiзсiн;
1997 жылдың 20 сәуiрiне дейiн "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын
құру туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасын
әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
1 мамырға дейiн әрбiр қызмет үшiн ақының мөлшерiн және мұндай
ақы қашан алынатындығы жағдайларын көрсете отырып, баспасөзде орталық
және жергiлiктi атқарушы органдарға ұсынылатын ақылы қызмет
көрсетулердiң тiзбесiн жарияласын;
20 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен,
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен, Баспасөз және бұқаралық
ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiмен бiрлесiп (келiсiм
бойынша) мониторингi және шағын және орташа бизнестiң инфрақұрылымын
дамытуды жүзеге асыруға арналып республикалық бюджетте көзделген
қаражаттардың шегiнде 1997 жылға арналған бұқаралық ақпарат
құралдарында шағын бизнеске қолдау көрсету мәселелерiн көрсету
шараларының жоспарын әзiрлесiн және оны бекiтсiн. Осы шаралар
жоспарын орындауға арналған тапсырысты, орындаушылардың арасында
олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншiк нысанына қарамастан
конкурстық негiзде орналастырсын. Жеке меншiк шағын кәсiпорынды ашу,
өндiрiстiк қызметтiң жекелеген түрлерiн (терi өндiрiсi, металл,
пластмасса және ағаш бұйымдарын дайындау, құрылыс материалдарын
өндiру және басқалар) кеңейту мәселелерi жөнiнде арнаулы брошюралар
шығаруды, теледидар, радио бойынша хабарлар циклын ұйымдастырсын. Бұл
хабарлардың орталық және жергiлiктi (облыстық, қалалық) каналдар
бойынша жүйелi түрде шығуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
15 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда
министрлiгiмен келiсiм бойынша өндiрiстiк объектiлер мен алаңдарды,
офистiк үй-жайларды бөлiп-бөлiп төлеумен сату, кейiннен меншiгiне
беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға беру туралы, құрылысы
аяқталмаған мемлекеттiк объектiлердi шағын кәсiпкерлiк
кәсiпорындарына беру жөнiнде тендерлер өткiзу туралы ережелердi
бекiтсiн және оларды баспасөзде жарияласын;
1 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм
бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлердiң
мемлекеттiң қатысуы арқылы екiншi деңгейдегi банктерде ақы алынбастан
шоттар ашуы мәселесiн шешсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Экономика және сауда министрлiгiмен келiсiм бойынша 15 сәуiрге
дейiнгi мерзiмде жер учаскелерiн шағын бизнес субъектiлерiне бес
жылға дейiн бөлiп-бөлiп төлеумен сату жөнiнде конкурстар өткiзу
туралы ереже әзiрлесiн, оны бекiтсiн және баспасөзде жарияласын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi,
Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, басқа да мүдделi
органдар онда шағын бизнестi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк органдар
шешiмдерiнiң жобаларын талқылауды ұйымдастыруды назарға ала отырып
1997 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасы кәсiпкерлерiнiң
форумын өткiзу жөнiнде әзiрлiк жұмыстарын ұйымдастырсын.
6. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi "Шағын
кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны
жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының
Президентi Жарлығының және осы өкiмнiң негiзiнде 10 сәуiрге дейiн
аймақтардағы шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау
көрсетудi жандандыру шаралары жөнiндегi облыстардың және Алматы қаласы
бойынша iс-шараларды әзiрлесiн және Экономика және сауда
министрлiгiмен келiссiн.
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Д.Т.Дүйсенов 27 наурыздан бастап апта сайын селекторлық кеңестерде
"Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны
жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының
Президентi Жарлығының 5-тармағының орындалу барысы туралы осы өкiмнiң
2-тармағына сәйкес жасалған есептiлiк көрсеткiштерi бойынша облыс
әкiмдерiн тыңдасын.
Премьер-Министр
О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 6 марта 1997 г. N 3398
Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 25 марта 1997 г. N 77-р
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 6
марта 1997 г. N 3398
U973398_
"О мерах по усилению государственной
поддержки и активизации развития малого предпринимательства":
1. Для проверки деятельности акимов по реализации названного
Указа, оказания практической помощи, проведения разъяснительной
работы направить в области специально сформированные комиссии.
4 апреля 1997 года провести заседание Правительства Республики
Казахстан, на котором рассмотреть ход реализации вышеупомянутого
Указа, состояние дел по поддержке малого предпринимательства в
областях и г. Алматы.
2. Министерству экономики и торговли Республики Казахстан в
срок:
до 25 марта подготовить формы отчетности по поддержке и
развитию малого бизнеса в регионах, оценке деятельности местных
исполнительных органов в этом направлении;
до 1 апреля внести предложения по отмене для малых предприятий
и индивидуальных предпринимателей, занимающихся производством, платы
за присоединенную мощность по электроэнергии, теплу, воде,
канализации;
до 10 апреля совместно с Министерством финансов Республики
Казахстан внести предложения об исключении действующих
законодательных норм и положений, позволяющих государственным
контролирующим и инспектирующим органам осуществлять свои
взаимоотношения с хозяйствующими субъектами и индивидуальными
предпринимателями на договорной основе;
до 15 апреля ввести упрощенную процедуру бесплатного
согласования и выдачи документов по перепланировке квартир и
подвалов жилых домов для производственных целей, с опубликованием
этой процедуры в печати;
до 20 апреля 1997 года подготовить и внести в Правительство
Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан
"О создании Фонда развития малого предпринимательства";
до 1 мая опубликовать в печати перечень платных услуг,
предоставляемых центральными и местными исполнительными органами, с
указанием размера платы за каждую услугу и случаев, когда такая
плата не взимается;
до 20 апреля совместно с Министерством финансов, Министерством
науки - Академией наук, Национальным агентством по делам печати и
массовой информации Республики Казахстан (по согласованию)
разработать и утвердить План мероприятий освещения вопросов
поддержки малого бизнеса в средствах массовой информации на 1997
год в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете
на осуществление мониторинга и развитие инфраструктуры малого
и среднего бизнеса. Разместить заказ на выполнение данного Плана
мероприятий на конкурсной основе среди исполнителей, независимо
от их организационно-правовой формы и формы собственности.
Организовать выпуск специальных брошюр, циклы передач по
телевидению, радио по вопросам открытия собственного малого
предприятия, развертывания отдельных видов производственной
деятельности (кожевенное производство, изготовление металлических,
пластмассовых и деревянных изделий, производство строительных
материалов и др.). Обеспечить систематический выход этих передач как
по центральным, так и местным (областным, городским) каналам.
3. Министерству финансов Республики Казахстан:
до 15 апреля по согласованию с Министерством экономики и
торговли Республики Казахстан утвердить и опубликовать в печати
Положения о продаже производственных объектов и площадей, офисных
помещений в рассрочку, предоставлении в аренду или доверительное
управление с правом последующей передачи в собственность, о
проведении тендеров по передаче предприятиям малого
предпринимательства государственных объектов незавершенного
строительства;
до 1 апреля по согласованию с Национальным Банком Республики
Казахстан решить вопрос открытия счетов субъектами малого
предпринимательства и индивидуальными предпринимателями в банках
второго уровня с участием государства без взимания платы.
4. Министерству сельского хозяйства по согласованию с
Министерством экономики и торговли Республики Казахстан в срок до
15 апреля разработать, утвердить и опубликовать в печати Положение
о проведении конкурсов по продаже в рассрочку до пяти лет земельных
участков субъектам малого бизнеса.
5. Министерству экономики и торговли, Министерству финансов,
Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, другим
заинтересованным органам организовать подготовительную работу по
проведению 27 марта 1997 года Форума предпринимателей Республики
Казахстан, имея в виду организацию обсуждения на нем проектов
решений государственных органов по поддержке малого бизнеса.
6. Акимам областей и города Алматы, исходя из Указа Президента
Республики Казахстан "О мерах по усилению государственной поддержки
и активизации развития малого предпринимательства" и данного
распоряжения, разработать и согласовать до 10 апреля с Министерством
экономики и торговли Республики Казахстан областные и по г. Алматы
мероприятия по мерам активизации государственной поддержки развития
малого предпринимательства в регионах.
7. Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан
Дуйсенову Д.Т. еженедельно, начиная с 27 марта, заслушивать на
селекторных совещаниях акимов областей о ходе выполнения пункта 5
Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по усилению
государственной поддержки и активизации развития малого
предпринимательства" по разработанным показателям отчетности
согласно пункту 2 данного распоряжения.