1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 25 наурыздағы N 77

      "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 U973398_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында:
      1. Әкiмдердiң аталған Жарлықты жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн тексеру, түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн облыстарға арнайы құрылған комиссиялар жiберiлсiн.
      1997 жылдың 4 сәуiрiнде жоғарыда аталған Жарлықты жүзеге асыру барысы, облыстарда және Алматы қаласында шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi iстердiң жай-күйi қаралатын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәжiлiсi өткiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мына мерзiмдерде:
      25 наурызға дейiн аймақтарда шағын бизнеске қолдау көрсету және оларды дамыту, жергiлiктi атқарушы органдардың осы бағыттағы қызметiн бағалау жөнiндегi есептiлiктiң нысанын әзiрлесiн;
      1 сәуiрге дейiн өндiрiспен айналысатын шағын кәсiпорындар мен жеке кәсiпкерлер үшiн электр энергиясы бойынша қуатқа, жылуға, суға, канализацияларға қосылғаны үшiн ақы төлеудi тоқтату жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      10 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп мемлекеттiк бақылаушы және инспекциялаушы органдарға шарттық негiзде шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен және жеке кәсiпкерлермен өзара қарым-қатынасын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қолданылып жүрген заң актiлерi мен ережелердi тоқтату туралы ұсыныс енгiзсiн;
      15 сәуiрге дейiн бұл рәсiмдi баспасөзде жариялау арқылы өндiрiстiк мақсат үшiн пәтерлер мен тұрғын үйлердiң подвалдарын қайта жоспарлау жөнiндегi құжаттарды тегiн келiсудiң және берудiң оңайлатылған рәсiмiн енгiзсiн;
      1997 жылдың 20 сәуiрiне дейiн "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      1 мамырға дейiн әрбiр қызмет үшiн ақының мөлшерiн және мұндай ақы қашан алынатындығы жағдайларын көрсете отырып, баспасөзде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға ұсынылатын ақылы қызмет көрсетулердiң тiзбесiн жарияласын;
      20 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiмен бiрлесiп (келiсiм бойынша) мониторингi және шағын және орташа бизнестiң инфрақұрылымын дамытуды жүзеге асыруға арналып республикалық бюджетте көзделген қаражаттардың шегiнде 1997 жылға арналған бұқаралық ақпарат құралдарында шағын бизнеске қолдау көрсету мәселелерiн көрсету шараларының жоспарын әзiрлесiн және оны бекiтсiн. Осы шаралар жоспарын орындауға арналған тапсырысты, орындаушылардың арасында олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншiк нысанына қарамастан конкурстық негiзде орналастырсын. Жеке меншiк шағын кәсiпорынды ашу, өндiрiстiк қызметтiң жекелеген түрлерiн (терi өндiрiсi, металл, пластмасса және ағаш бұйымдарын дайындау, құрылыс материалдарын өндiру және басқалар) кеңейту мәселелерi жөнiнде арнаулы брошюралар шығаруды, теледидар, радио бойынша хабарлар циклын ұйымдастырсын. Бұл хабарлардың орталық және жергiлiктi (облыстық, қалалық) каналдар бойынша жүйелi түрде шығуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      15 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен келiсiм бойынша өндiрiстiк объектiлер мен алаңдарды, офистiк үй-жайларды бөлiп-бөлiп төлеумен сату, кейiннен меншiгiне беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға беру туралы, құрылысы аяқталмаған мемлекеттiк объектiлердi шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарына беру жөнiнде тендерлер өткiзу туралы ережелердi бекiтсiн және оларды баспасөзде жарияласын;
      1 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлердiң мемлекеттiң қатысуы арқылы екiншi деңгейдегi банктерде ақы алынбастан шоттар ашуы мәселесiн шешсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Экономика және сауда министрлiгiмен келiсiм бойынша 15 сәуiрге дейiнгi мерзiмде жер учаскелерiн шағын бизнес субъектiлерiне бес жылға дейiн бөлiп-бөлiп төлеумен сату жөнiнде конкурстар өткiзу туралы ереже әзiрлесiн, оны бекiтсiн және баспасөзде жарияласын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, басқа да мүдделi органдар онда шағын бизнестi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк органдар шешiмдерiнiң жобаларын талқылауды ұйымдастыруды назарға ала отырып 1997 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасы кәсiпкерлерiнiң форумын өткiзу жөнiнде әзiрлiк жұмыстарын ұйымдастырсын.
      6. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының және осы өкiмнiң негiзiнде 10 сәуiрге дейiн аймақтардағы шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi жандандыру шаралары жөнiндегi облыстардың және Алматы қаласы бойынша iс-шараларды әзiрлесiн және Экономика және сауда министрлiгiмен келiссiн.
      7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсенов 27 наурыздан бастап апта сайын селекторлық кеңестерде "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының 5-тармағының орындалу барысы туралы осы өкiмнiң 2-тармағына сәйкес жасалған есептiлiк көрсеткiштерi бойынша облыс әкiмдерiн тыңдасын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады