1997 жылдың 25 мамырына дейiн республикаiшiлiк өзара борыштары (бұдан былай - несиелер) есептеу нәтижесi бойынша борышкер кәсiпорындардың берiлген директивтiк несиелер мен несиелер бойынша бұрын берiлген негiзгi борышты өтеу шартымен есептелген проценттердi (кәсiпорынның қаржы-экономикалық жағдайына байланысты) бөлiп-бөлiп өтеуi туралы мәселе қарау үшiн комиссия құрсын;
борышкер кәсiпорындарға борышкер кәсiпорындардың бұрын алған
несиелерiн өтеу туралы комиссия шешiм шығарған сәттен бастап 10 банктiк күн iшiнде негiзгi борыш сомасын және ол бойынша ерiктi тәртiппен есептелген проценттердi бөлiп-бөлiп өтеуiн тапсырсын; борышкер кәсiпорындар жоғарыда аталған мерзiмде берешегiн өтемеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес борыштарын өндiрiп алу жөнiнде шаралар қабылдасын. 2. Ведомствоаралық несие комиссиясы мына құрамда бекiтiлсiн: А.М.Шоқпытов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының бірінші орынбасары, төраға <*> Комиссиясының мүшелерi: Асылбеков Азамат - Қазақстан Республикасының Әдiлет Ермекұлы министрлiгi Заңдар және халықаралық құқық департаментiнің жетекші маманы <*> Тұрысжанов Дархан - Қазақстан Республикасы Энергетика, Бекболатұлы индустрия және сауда министрлiгiнің Экономикалық талдау және инвестициялық саясат басқармасының бастығы <*> Д.Н.Айтжанов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет департаментi несиелеу басқармасының бастығы <*> ЕСКЕРТУ. 2-тармақпен толықтырылды, 2-тармақ 3-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1998.04.09. N 64 өкiмiмен. R980064_ ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.01. N 234 өкiмiмен. R980234_ 3. Осы өкiм бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Премьер-Министр