"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамына тоқсан сайынғы транзит квоталарын бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 19 қарашадағы N 353
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының қатысуымен
Атырау-Самара мұнай құбырына түсетiн мұнайдың сапасын және Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк мұқтаж қажеттiлiктерiн ескере отырып,
"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы үшiн мұнай өндiрудiң жалпы
көлемiне бара-бар тоқсан сайынғы транзит квоталарын бөлудi қамтамасыз
етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi бiр ай мерзiм iшiнде жұмыс тобының мұнай пайдалану
келiсiм-шарттарын әзiрлеуге байланысты мәселелердi қарауды қамтамасыз
етсiн және "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамының кен орындары
бойынша кен пайдалану келiсiм-шарттарын заңдарда белгiленген
тәртiппен ресiмдесiн.
Премьер-Министр
О выделении для АО "Мангистаумунайгаз" ежеквартальных транзитных квот
Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 19 ноября 1997 г. N 353-р
1. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики
Казахстан с участием Национальной нефтегазовой компании "Казахойл"
обеспечить выделение для акционерного общества "Мангистаумунайгаз"
ежеквартальных транзитных квот эквивалентно общему объему добычи
нефти с учетом ее качества, поступающей в нефтепровод Атырау-Самара,
и потребности государственных нужд Республики Казахстан.
2. Государственному комитету Республики Казахстан по
инвестициям в месячный срок обеспечить рассмотрение рабочей группой
вопросов, связанных с подготовкой контрактов на недропользование, и
в установленном законодательством порядке оформить контракты на
недропользование по месторождениям акционерного общества
"Мангистаумунайгаз".