Үкiметтiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасына сәйкес және мұнайға, газға және оларды өңдеу өнiмдерiне деген iшкi сұранысты толық қамтамасыз ету, арналы мұнай және газ құбырларының еуразиялық жүйесiн құру, Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторында көмiрсутегi кенiштерiн барлау мен игеру жобасын дамыту, "Стратегия - 2030-ға" сәйкес отын-энергетика секторын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Мына құрамда Қазақстан Республикасының Отын-энергетика
секторын дамыту жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы құрылсын:
Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi, комиссия
төрағасы
Есiмов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң бiрiншi орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы
Павлов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы - Қазақстан
Республикасының министрi
Жабағин А.Ә. - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда министрi
Мұхамеджанов Б.Ә. - Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрi
2. Аталған Ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн:
отын-энергетика секторын дамыту стратегиясын әзiрлеу мен iске асыру;
жаңа жобалар бойынша бiрлескен жұмыстар жөнiндегi консультанттар мен инвесторларды айқындау және iрiктеу;
көмiрсутегi шикiзатын барлау, игеру, өндiру мен iшкi және халықаралық рыноктарға тасымалдау жөнiндегi мұнай жобаларының негiзгi параметрлерiн бекiту;
жобалардың ұйымдық құрылымын айқындау, мемлекеттiк басқару органдарының және стратегиялық жоспарларды iске асыруға жауапты ұйымдардың қызметiн үйлестiру;
келiссөз процестерiн үйлестiру.
3. Ведомствоаралық комиссияның дереу қарауын талап ететiн, бiрiншi кезектегi жобалар деп Каспий Трубақұбыры Консорциумы жобасы, басқа да көлiк жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығымен жасасқан мемлекетаралық келiсiмiнде, Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен Бас келiсiмде, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Амоко" корпорациясы арасындағы принциптер туралы келiсiмде көрсетiлген жобалар белгiленсiн.
4. Ведомствоаралық комиссияны талдамалық жағынан қамтамасыз ету үшiн энергия ресурстарын барлаудың, игерудiң, өндiру мен өңдеудiң бас жобалары бойынша және iшкi және экспорттық мұнай-газ құбырлары жобалары бойынша 1 қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс топтары құрылсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.11.09. N 1686 қаулысымен.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
1998 жылғы 29 қаңтардағы
N 22 өкiмiне 1-қосымша
Ведомствоаралық комиссияның энергия ресурстарын
барлаудың, игерудiң, өндiру мен өңдеудiң бас
жобалары жөнiндегi жұмыс тобының
құрамы
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы -
Қазақстан Республикасының
министрi, топ жетекшiсi
Жабағин А.Ә. - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда министрi
Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрi
Қуандықов Б.М. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
компаниясының президентi
Аймақов Б. - Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң директоры
Ыдырысов Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер вице-министрi
Қарабалин Ө.С. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
компаниясының вице-президентi
Хорунжий А.Г. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Фискальды саясат
департаментiнiң салық
сараптамасы басқармасының бастығы
Тоқсанбаев Ғ. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлiгiнiң заңдар және
халықаралық құқық департаментi
директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
1998 жылғы 29 қаңтардағы
N 22 өкiмiне 2-қосымша
Ведомствоаралық комиссияның iшкi және экспорттық
мұнай-газ құбырлары жобалары жөнiндегi жұмыс тобының
құрамы
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы -
Қазақстан Республикасының
министрi, топ жетекшiсi
Жабағин А.Ә. - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда министрi
Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрi
Қуандықов Б.М. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
компаниясының президентi
Аймақов Б. - Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң директоры
Ыдырысов Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер вице-министрi
Қаппаров Н.Ж. - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау
жөнiндегi ұлттық компаниясының
президентi
Жұмин Қ.Р. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
компаниясының жаңа жобалар
департаментiнiң директоры
Хорунжий А.Г. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Фискальды саясат
департаментiнiң салық
сараптамасы басқармасының бастығы
Шаяхметов Б. - Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
бас менеджерi
Тоқсанбаев Ғ. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлiгiнiң Заңдар және
халықаралық құқық департаментi
директорының орынбасары